ҚҰРБАНҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ҮКІМДЕР

23 маусым 2022, 19:47

Бір кісі уақытында құрбанын шалмай тек құнын садақа ретінде берсе құрбан уәжібін орындаған болмайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Әр жеті күнде бір ғұсыл алып, басы мен тұла-бойын жуу әрбір мұсылманның Алла Тағала алдындағы міндеті”.  (Сахих Mүслим)

 

Бір кісі уақытында құрбанын шалмай тек құнын садақа ретінде берсе құрбан уәжібін орындаған болмайды.

 

Байлар құрбанын шалмай уақытын өткізіп алса құрбанның құнын садақа қылып беруі керек.

 

Кедейлер мен құрбан нәзір еткендер (атағандар) алған құрбандарын шалмай уақытын өткізіп алса құрбанның өзін садақа қылып беруі – уәжіп.

 

Пітір садақасы және құрбан уәжіп болғаннан кейін мүлігінен айырылса (кедей болып қалса) өмірінде мұны өтемегенше мойнынан түспейді. Құнын немесе өзін (құрбанды) садақа қылып беруі – уәжіп.

 

Бай болған бала үшін малынан құрбан шалу жайында пікір-талас бар. Ықтиятты болғаны және таңдалған пәтуа құрбан шалуы.