Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайдағы мешіттерге қатысты «4-кіру» саясаты сөз болды

17 желтоқсан 2022, 11:36

Соңғы жылдары Қытай коммунистік партиясы елдегі мешіттердің сыртқы келбетін өзгертуге бағытталған ауқымды шараларды қолға алды. Таяуда 2018-2021 жылдарға арналған исламдық бірегейлікті жою бойынша белсенді саясатты растайтын мемлекеттік сатып алу хаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іslam.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «IslamNews» «China File» дерек көзі таратқан ақпаратқа сүйене отырып мәлімдеді.

 

Сатып алу хаттамаларында Қытайдағы ғибадат орындарына төрт «құндылықты» енгізуге бағытталған «төрт кіру саясатының» жиі қайталанғаны белгілі болып отыр.

 

Бұл арада ұлттық ту, заңдар мен ережелер, социалистік құндылықтар және дәстүрлі қытай мәдениеті турасында сөз болып отыр.

 

Бірнеше сатып алу процедурасында Қытайдың Хансу, Сынхай, Сышуан және Нинся Хуей провинцияларының үкіметтері тарапынан тоқыма жалаулары, мешіттерге арналған 12 метрлік флагштоктар, сондай-ақ, ақпараттық стендтер, Ши Жипин туралы кітаптарды және саяси ағарту тақырыбына арналған басқа да әдебиеттер сатып алынған.