Ислам діні

Қызбен жүру күнә ма?

  • Қызбен жүру күнә ма?

    Қызбен жүру күнә ма?

 Әссалаумағалейкум! Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?


Жауап

Уа алаейкум ассалам!


Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Жігіт пен қыздың бұлай жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде: «Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады»[1], – деген. Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ»[2].


Тағы бір хадисте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жұбайы Айша (р.а.) анамыз: «Аллаға серт Пайғамбарымыз бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес»[3].


Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін.


muslim.kz




Көрілген: 1585    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.12.2018, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30