Ислам діні

ЛАҒНЕТ ЛАҒЫП КЕТПЕЙДІ

  • ЛАҒНЕТ ЛАҒЫП КЕТПЕЙДІ

    ЛАҒНЕТ ЛАҒЫП КЕТПЕЙДІ

Табиғиндерден болған Айдар ибн Жәруәл әл Хадрами былай дейді:

Әбу Умәйр әл-Хадрами – Абдуллаһ ибн Мәсғудтың жақын досы еді. Бір күні Ибн Мәсғуд досын зиярат етуге үйіне барды. Бірақ Әбу Умәйр үйде жоқ еді. Абдуллаһ ибн Мәсғуд Әбу Умәйрдің әйелінен рұқсат сұрап ішке кірді де, сәлем беріп, ішер сусын сұрады. Әбу Умәйрдің әйелі үйден ішерге ештеңе таппай, қызметшісін көрші үйге жүгіртіп жіберді. Қызметші кешіге бастады. Бұған шыдай алмаған Әбу Умәйрдің әйелі:

  • Алла лағнет етсін, кешікті ғой мынау, – деп қызметшісіне қарғыс айтты. Бұны естіп қалған Абдуллаһ ибн Мәсғуд сыртқа шығып кетті. Сол кезде Әбу Умәйр де келіп, сыртта тұрған Абдуллаһ ибн Мәсғудты көріп:
  • Әбу Абдуррахман! – деді досына, – Сен секілді жаннан қызғанушы ма еді, ішке кіріп, бауырыңның әйеліне сәлем беріп, сусын ішпедің бе? – дейді. Абдуллаһ ибн Мәсғуд та:
  • Айтқаныңдай қылдым. Бірақ, әйелің қызметшіні көршіден бірдеңелер алып келуге жіберді. Алайда, сұраған дүние көршіде болмады ма, әлде бола тұра бергісі келмеді ме, әйтеуір қызметші кешігіп еді, әйелің оған лағнет айтты. Мен Пайғамбарымыздан ﷺлағнет жайында былай дегенін естідім: «Кімде кімнің аузынан лағнет сөз шығатын болса, лағнет сөз айтылған адамға қарайды, егер ол адам айтылған сөзге лайық болса, соған барады, ал лайық болмаса, Аллаға: «Уа Раббым! Мені пәленшеге жіберді, алайды оның лағнетке лайық болмағанын көрдім», – дейді. Сол кезде оған: «Онда қайдан келсең, сонда қайт», – делінеді». Мен қызметшінің бұл лағнетке лайық болмай, лағнеттің кері қайтып келуінен және бұның бәріне себеп болуымнан қорықтым деді».


***

Демек, лағнетті жер де, көк те қабылдамайды екен. Лағнет лайығын табады. Қазақ сол себепті «жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады» деген.

mazhab.kz




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.02.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31