Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Лақап ат қойған дұрыс па?

08 тамыз 2022, 17:31

Құрдастардың әзілдеп бір-біріне ат қою үрдісі ертеден белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Әсіресе жастарының бірін-бірі сырттай мазақ етіп ат қоюы жиі кездеседі.

 

Негізінде «лақап есім» деп адамның кәсібіне, пішініне, түр-тұлғасына, қадір-қасиетіне, сипатына немесе мінезіне қарай қойылатын атты айтамыз.

 

Көп жағдайда бұлай берілген лақап есім жақсы мағынаны бермесі анық. Бұл біреуді кемсітіп немесе мазақ етіп яки болмаса қорлау мақсатымен қойылады.

 

Ал ислам біреуді хақсыз қорлауға, келеке етуге немесе тәкаппарлануға тыйым салады.

 

Сол үшін дініміз адамға лақап ат беруден гөрі өз есімімен атағанды жөн көреді.

 

Өйткені, Құранда адамдардың бір-біріне жаман лақап аттар қоюына тыйым салынған: «Және жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман?» («Хужурат» сүресі, 11-аят).