Мәһірді қыздың келісімімен бермей қойса бола ма?

24 қыркүйек 2022, 18:22

Мәһір беру уәжіп. Құдай Тағала мәһір беруді міндеттеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Мәһірді бермей қоюға болмайды. Мәһір беру уәжіп.

 

Құдай Тағала мәһір беруді міндеттеген: «…оларға некелесу шартымен тиісті малын төлеңдер» (Ниса: 24) және «Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. (Ниса: 4).

 

Кейбір азаматтар «Мен қызды келісімін алдым. Ол мәһір алмауына разы» деп мәһірді бермей қоя алмайды. Ислам бұлай жасауға рұқсат бермейді.

 

Мәһір – қалындықтың ақысы.

 

Келісілген мәһірді бермеу – күнә.