Мәһірдің мөлшері бар ма?

24 қыркүйек 2022, 18:16

Сахабалар өмір сүрген араб халифаты заманында 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Ал бір динардың салмағы 4,25 граммды құраған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Алтынның бағасы нарыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген бағамен есептеледі. Мәһірдің құны аталмыш мөлшерден төмен белгіленген жағдайда, оны 10 дирхамға толтыру керек (ҚМДБ. Фатуа кз.).

 

Ол ақшалай немесе заттай берілуі мүмкін.

 

Мәһірдің жоғарғы шегі жоқ, бірақ шариғат бұл мәселеде екі тараптың жағайы мен шамасына қарап кеңесіп шешу ықтиярына қалдырады. Өйткені мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек.

 

Келешекте бұл мәселе шаңырақтың шайқалуы мен отбасының ажырасуына түрткі болмауы тиіс.