Ислам діні

Масқара! Атырауда имам намазда ойдан құрастырып өтірік сүре оқыған!

  • Масқара! Атырауда имам намазда ойдан құрастырып өтірік сүре оқыған!

    Масқара! Атырауда имам намазда ойдан құрастырып өтірік сүре оқыған!

 Танымал журналист, кәсіпкер Арман Шораевтың ҚМДБ-ны сынап әлеуметтік желіде жазған посты қатты талқыланды. Әдеттегідей алдымен оған ҚМДБ-ның жақтастары шабуылдап, ар-намысына тиетін әңгімелер айтып, қарғап-сілеп жатты. Сосын ресми түрде мешіт қызметкері атанып жүрген азаматтар қарсы пікірлерін білдіріп, ақыры ҚМДБ-ның атынан шыққан өкіл жауап берді.

Арман Шораев бес уақыт намаз оқып, дінді сүннетке сай ұстанып жүрген мұсылман болса онда ол бірден сәләфит атанып, ҚМДБ оған жауап бермек түгілі, жазбасын оқымаған түр көрсетіп қоя салар еді. Фейсбукта өздерін сынаған журналист зайырлы өмір салтын ұстанатын болғандықтан оған "сәләфит" немесе "уақабшы" деп жала жабудың реті келмей, амалсыздан ақталып жауап беріп жатыр. Әйтпесе, намаз оқитын журналистердің ҚМБД-ны жанашырлықпен сынаған, қоғамның назарын аударған талай мақалалары жауапсыз қалды. Жауабыңыз не, құзырлы мекеменің өкілдері арқылы сайттан алып тастауды "өтініп", "отбасыңды ойла" деп "ойландырған" кездері де болған. Әрине, кезінде оның бәрі мұсылмандардың ауызбіршілігі үшін айтылмай, жабулы күйінде қалды. Журналист бұл істерге себепші болған ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі, қауіпсіздік орындарының өкілі Ғ.Мәжиевтің жеке өзіне оңаша кездесіп, құдай алдында есеп айырысатынын ескертіп, тәубаға шақырып кеткен.

Бірден айтайық, Арман мырзаның айтқан сөздерінің бәрі емес, көбінің жаны бар. Мешіттегі қаржы-қаражат мәселесі қашан да дау болумен келе жатқаны рас. Қазақтар әлі де садақаны тікелей мұқтаж адамға беруден гөрі, мешітке тапсырып, солар арқылы сауап алуды дұрыс көреді. Мешіттегі садақа жәшіктерінде түсетін ақшаның бәрі жатқан жоқ. Жасыратын несі бар, қазақтар ақшаны жәшікке салғаннан гөрі әлі де молдаға бергенді жөн көреді. Оған себеп, біріншіден, садақа бергенін жұрт көрсін деген рия болса, екіншіден, Аллаһ пен адамның арасына "делдал" болып отырған молданың көңілі маған түсіп, құдайға мен үшін көбірек дұға қылсын деген соқыр сенімі. Бәрін құртып отырған осы соқыр сенім - діни білімнің кемшілігі.

Арман Шораев та осы соқыр сенім жетегінде кетіп, садақаның ақшасы қайда жұмсалып жатқанын біліп отырсақ "делдалымызға" сеніміміз артар еді деп ой түйеді. Ареке, Аллаһ пен пендесінің арасында перде болмайды, әркім жаратушыдан тікелей өзі сұрап, дұға қылып, басқа да құлшылық амалдарын ешбір делдалсыз жасауы керек. Араға делдал салу - Құдайға серік қосу болып табылады. Әрине, бұл шындықты дұғаға мұқтаж, құран оқытуға мұқтаж "клиенттерін" (білімсіз мұсылмандарды деп түсініңіз) жоғалтып алмас үшін молдалар айтпайды.

Имамдар өздерінің осындай көптеген кемшіліктерін, ахидадағы ауытқушылықтарын дә басып байқап, Құран мен сүннетке сай келмейтін істерін айтқаны үшін ілгерідегі ізгілердің жолы - сәләфи манхаджын ұстанушы мұсылмандарды қаралап, түрлі жала жауып, әлемде болып жатқан барлық жамандықты солардың ісі қылып көрсетіп отырады.

Шын мәнінде, ешбір шынайы сәләфит жабылып жатқан жалаларға лайық емес. Адам өлтіріп, террормен айналысып жүргендер сәләфиттер емес, харижидтер екенін, олардың тіпті, мұсылман емес екені діннен толық хабары бар әр адамға аян. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (салаллаһу ғалейки уассалам) олардың садақтың атылып шыққан жебесіндей діннен ұшып шығып кететіндері туралы айтқан хадисін бәріміз білеміз емес пе.

Терроршы болу үшін міндетті түрде "сәләфит" болудың қажеті жоқ. Әлемде өзге діннің өкілі болып табылатын талай терроршы бар. Басқасын айтпағанда, ҚМБД-ның ресми ахидасы болып табылатын Матурудилікті ұстанатын Ауғанстан тәлібтерін алып қарайықшы. Діннің ахуалы мұнда араб елдерінен де қиын. Әйелдердің құқы шынымен аяққа басылған. Бүкіл елді, әлдемді қару кезеніп үрейде ұстап отыр. Міне, ҚМДБ мен Ауғанстан радикалдарының террорлық қозғалысы "Талибанның" ұстанған мәзхабтары - Әбу Ханмифа болса, ахидалары да бірдей - Матуруди ахидасы. Енді, осы Матуруди ахидасын ұстанатын елдіміздегі миллиондаған бауырларымызды "тәліптер", "террористер" деп атасақ дұрыс бола ма? Әрине, олай айтсақ жала жабушы ретінде масқара боламыз ғой. Ендеше, сәләфиттердің бәрін терроршыға теңеген кезде ертең Құдай алдында есеп беретінімізді ескеріп, жақсылап ойланып алғанымыз дұрыс болар.

Сәләфтардың ізінен ерушілер Әбу Ханифа мәзхабын ұстанбайды деген шылғи өтірік. Керісінше, ең мәзхабты мұқият ұстанатын солар. Себебі, Исламның ең ұлық төрт ғалымы - төрт мәзхабтың негізін қалаушы ұстаздар да сәләф болған. Мәселе тек матурудилік ақидасында.

Жалпы, матуруидиттер мен сәләфиттердің қайысысы қоғамға қауіпті? Соңғы жылдардағы болып жатқан уақиғаларға назар аударып жүрген көзі ашық, көкірегі ояу әр адам мұның жауабын ешкімнің нұсқауынсыз-ақ біліп отыр. Мәселен, 21 мамырдағы сыртқы дұшпандар оппозиция қолымен ұйымдастырмақ болған митингті алып қарайықшы. Барлық сәләфиттер "митингке шығу - харам, елбасыға бағынбау - харам" деп жұртты сабырға шақырды. Ал, матурудилер болса "патшаның кемшілігін өзіне жеке айтуға мүмкіншілік жоқ, сондықтан көшеге шығып пікір білдіру сөкет емес" десті. Яғни, бүлікті, фитнаны қолдады. Сабырға шақырушы сәләфиттерді "патшаның артын жалаушылар" деп айыптап, "қорқақтар" деп кекетті. Себебі, матурудилікті ұстанушы мұсылмандар еш қиналмастан оппозициялық көзқарастарды қабылдап, билікке қарсы сөйлей береді. Ақыры, діни сенімдеріне әсер ету арқылы халықты көтере алатын мүмкіндігі бар матурудилердің дәл осы ұстанымынан қорыққан билік тренд болып тұрған "сәләфизмді" құрбандыққа шалып кеп жіберді. Сосын елімізде терактілер "орын алып", оның артында "сәләфиттер" тұрғаны хабарланып, елімізде террорлық қауіптің түрлі деңгейі еңгізіліп тасталды. Енді, әлгі матурудиттер көшеге шығып шеру жасап көрсін!

Қызды-қыздымен Алматыда жалғыз өзі бес-алты адамды жайратып тастаған қылмыскердің де ісін сәләфиттерге теліп жіберді. Түк таппаған соң ол түрмеде сәләфиттермен ауызжаласқан деп шықты. Сәләфиттермен байланыстыратын бар тапқан айыптары сол болды. А, айтпақшы сол әлгі Руслан Күлібаев деген қылмыскер Дарынды тыңдапты! Не деген масқара!.. деп шулап жатыр едік ол өлтірген полицейдің бірі де Дарынды тыңдап, оның уағыздары қатты әсер етіп, намазға келіп, соңғы жылдары өте үлгілі қызметкер, өнегелі отағасы болғаны туралы ақпарат шықты. Қызық иә, Дарынды тыңдаған біреу террорист болады да, келесі адам иманын түзейді. Яғни, сәләфи болмаса да Дарынға үлкен жала жабылды. Әрине, Мүбәровқа одан келіп-кетері шамалы. Аққа құдай жақ деген.

Енді, матуруидиттер неге шерушілерді қолдайды деген сұраққа жауап беріп көрсек. Оның түп негізгі ихуандардың - яғни, "Мұсылман бауырлар" ұйымының идеологиясымен байланысты. ҚМДБ-ға қарайтын azan.kz сайты елімізде тиым салынған террорлық қозғалыс болып табылатын бұл ұйымның көсемдерінің кітаптарын, мақаларын, пәтуаларын жиі жариялайды. Көбінесе, сәләфиттерге қарсы қару қылады. Бұндағы басты мақсат - елбасыға шынайы берілген, оған қарсы шығуды ең үлкен күналардың қатарына жатқызатын сәләфилердің жолын ұстанушылардан елді тазартып алып, сосын, Мысырдағыдай мұсылмандарды бүлікке араластырып - билікке жету. Шиіттер секілді елдегі билікті атқарушы үкімет пен дін өкілдерінің арасында бөлуді көздейді. Яғни, президентпен бірге елді басқаратын діни көсем болуын қалайды. ҚМБД нақ осындай ұстанымға бүйрек бұрады. Имамдар үнемі "басшыға, яғни имамға, мүфтиге бағынбау күнә деп", матуруди ағымының (матуризимді бетперде еткен секта деуге де болады) қиғаш қағидаларына, дінге кейін қосып алған жаңалықтары - бидғаларына ілеспегендерді уахабшы, сәләфиттер деп қаралап отырады. Ал, Құрандағы іштеріңнен шыққан басшы деген - Елбасы және заңды билік. Ал, мұсылман адам үшін имамға намазда тәкбір айтып қол байлағаннан соң сәлем бергенге дейін бағыну парыз. Одан кейін әркім өзі дұғасын жасап, қаласа, өзге сүннет, нәпіл намаздарын оқып, қаласа, үйіне қайта беруіне болады. Бірақ, біздің мешіттерде имамдар жамағаттың өздеріне толықтай тәуелді болуын қалайды. Дұға жасайтын да солар, бата беретін де солар (жамағат ұйып тыңдап отыру керек). Оларсыз құлшылығымыз құдайға жетпей, дұғамыз қабыл болмай қалады деп ойлайды жамағат. Арман Шораев секілді діннен мүлдем хабарсыз адамдар болса оларды құдаймен арадағы "делдал" санайды және соған сенеді.

Матурудилер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін бірқатар уағызшылар дайындады, сәләфилерге сәл болсын бүйрегі бұратын кейбір дін өкілдерін сындырып, өз жақтарына тартты. Арман Қуанышбаев, Ерсін Әміре, Қайрат Жолдыбайұлы секілді сөздерін жамағатты сәләфиттерге қарсы айдап салатын ұранды, жалынды тіркестермен бітіретін уағызшылары тыным таппай, интернеттің "тікенекті гүлдері" болып алды. Мүфтият ел көп тыңдайтын Әбдуғаппар Сманов секілді уағызшыларды "сындырып" өз жақтарына тартып, Дін істері комитеті елдегі таухидті дәріптеу үшін ашылған БАҚ-тарды ақырындап матурудилік-сопылық идеологияны тарататын ақпарат құралына айналдырып келеді. Енді қазір Әбдіғаппар ағамыз өзгеше сайрап, елді алдап, қазаққа дін келгелі, қазақ мұсылман болғалы 25-ақ жыл болды деп жүр. Атам қазақ мың жыл бұрын мұсылман болған.

Жалпы, имамдардың кім екенін анық білмей тұрып, оларға еру өте қауіпті. Кез келген уақытта сектаға мүше болып кетуіңіз мүмкін. Мәселен, Қайрат Жолдыбайұлы осындағы көсемі болып табылатын түріктің "Нұршылар" сектасына ерсеңіз біраздан соң пайғамбарға емес, піріңіз Саид Нурсиге салауат айтып кетесіз. Себебі, олар әлі күнге дейін пірлеріне қол беріп күнәдан арылады (христиандар секілді). Сөзіміз дәлелсіз болмас үшін мына бір қысқа оқиғаны айтып өтейік. Құдайдың қалауымен бірнеше жыл бұрын оразаның соңғы он күніне Алматыдағы Бақыткелді мешітіне итикафқа кірген едік. Имамы нұршылар қауымынан шыққан Ермек Мұқатай еді (суретте). Соның алдында ғана Алматы қаласы әкімшілігінің тапсырысымен терроризмге қарсы фильм түсіріп, Ермекті сұқбатқа шақырған едім. Осы таныстығымыз себепті мешітте еш бөгетсіз итикафқа кірдік. Төрт-бес күн өткен соң имам өз кабинетіне шақырды. "Қазір осында біздің Түркиядағы ең үлкен ұстазымыздың Қазақстандағы арнайы өкілі - Қайреке, Қайрат ағамыз келеді (Жолдыбайұлы емес). Сол кісінің қолын алсаңыз, сіз де біздің ұстазға мүрит атана аласыз, жақсылықтардың астында қаласыз" деді. Менің дінге енді бет бұрып жатқан кезім еді. Әр нәрсеге сақтықпен қарайтынмын. "Мен дінді енді үйреніп жатырмын ғой. Алдымен жай қызықтайын, ұнап жатса көрейін" дедім. Сөйтіп отырғанда әлгі Қайрекеңі де келді. Орта бойлы, орта жастағы қазақ екен. Ермек бізді таныстырды. Сәл әңгімелестік. Сосын Қайрекең "Қол беретін жігіт сен бе?" деп маған бұрылды. Басымды шайқадым. Имам сол мешітте азаншы және көмекші болып жүрген медресенің екі шәкіртін кабинетіне шақырып келді. "Мыналар" деді. Ана екеуі көңілсіз. Бір жайсыз істің болатынын сезетіндей. Қайрекең имамның үстеліне қарама қарсы қойылған бұрыштама диванның ортасына отырып, екі жігітті екі жағына жайғастырды. Оң қолының алақанын жайып, ана екі баланың алақанын қоса қабаттап ұстады. "Менің айтқанымды қайталаңдар" деп бұйырды. Сосын шамамен былай деді: "Иә, Алла. Менің күнәларым көп. Былыққа баттым. Менің күнәларымды сенен басқа ешкім кешіре алмайды. Сен менің күнәларымды кешуің үшін пәленбай түгенбайоғлына (атын ұмыттым) мүрит болдым". Екі бала қайталап отырды. Болған соң Қайрекең "Міне, күнәлар осылай кешіріледі, шүкір" деп желпінді. Сөйтіп еді төрде отырған имам - Ермек Мұқатай орынынан ұшып тұрып "Алла-ай, Қайреке-ай. Түһ, жүрегім елжіреп, буыныма түсіп кетті ғой. Кәне мен де қайталайыншы. Күнәм көбейіп кетті" деп Қайраттың қасына отырып, қолынан ұстап жаңағы сөздерді қайталады. Менің көз алдыма христиандардың күнәларын қасиетті әкейге айтып "тазаратындары" елестеп кетті. Содан бері имамдарға тым сене бермейтін болдым. Ал Ермек Мұқатай қазір ШҚО-да бас имам. Бұл әңгімені мүфтияттағылар біледі. Біле тұра оның дәрежесін өсірді.

Айтпақшы, Қайрат Жолдыбайұлының атақты хариджиттер болып табылатын Юсуп Кардауи мен Фетхулаг Гүленге деген махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмайсыз. Қайраттың сайтқа отырғызып қойған адамы Әбдусаммат Қасым деген жігіт күні кеше ғана, яғни, Түркияда жүзеге аспай қалған әскери төңкерістен кейін Кардауидің суретін парақшасына қайталап іліп қойды. Әлі арманымыз орындалады деген емеуіріні болса керек. Ал Қайрат "Мен Гүленші-Нұршы емеспін" деп ақталып жатыр. Бұл ісі кеме суға кетерде қашатын егеуқұйрықтарды көз алдымызға әкелді.

Әрине, біз ешқашан бүкіл имам жаман, оның бәрі уахабистер деп сопы Құрбанәлі ишан сияқты жала жаппаймыз. Бірақ, араларындағы шектен шығып жүргендер туралы елдегі тыныштықты сақтау үшін, мұсылмандардың бірлігі үшін үнсіз қала беруге еш болмады. Мүфтияттағы кейбір Серік Ораз секілді ағаларымыз толеранттылықтың "көкесін" көрсетіп, матурудиттер мен шиіттерден ұқсастық іздеп, кейбір шиға ғалымдарының пікірімен келісетінін айтып жүр. Есесіне ахли-суннаны ұстанған, ешкімге зияны жоқ, құдайдан шынайы қорқып құлшылықтарын жасап жүрген, терроршыларға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сәләфит мұсылмандарға жала жабу көбейіп, тіпті, істемеген істері үшін жауапқа тартып, әр жерде ала көзбен ату көбейіп, ар-намыстарына тиіп жатқанда Аллаһ ризашылығы үшін оларға араша түсіп бір ауыз сөз айтуды, қандастарымыздың көзін ашуға тырысып көруді өзіміздің мұсылмандық парызымыз санадық. Сол үшін бүкіл Қазақстан мұсылмандарына матурудиілк ағымын (матурузимді жалаулатқан секта) күшпен таңып отырған ҚМДБ-ның кейбір кемшіліктерін ашып көрсеттік.

Қорыта келгенде айтарымыз, еліміздегі дін істерін түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Дін істері комитетіне Ғалым Шойкин секілді діннен еш хабарсыз, әркімнің айтағына бір еретін, тек ақшаны игеруді ғана меңгерген қатып қалған шенеунік емес, діннен хабары бар, жұртқа имандылығымен, әділдігімен танылған адам басшы болуы керек. Комитет таратылып, орнына агенттік құрылғаны жөн. Мүфтият осы агенттікке бағынып, имамдар мемлекеттен жалақы алуы тиіс. Сонда олардың елде діни көсем жасау туралы армандары тоқырайды. Мешітке келушілердің садақаға берген ақшасын қалтаға салып алу қылмыс деп танылсын. Имамдар жұмысын ашық жүргізуі үшін тек намаз оқитын бөлмелер емес, құран оқитын, неке қиятын бөлмелер мен имамның кабинетіне де камера орнатылсын. Мешітте жұрттан жасырын ештеме болмауы керек. Шынын айтсақ, түбі осыған келіп тірелеміз. Бұл, тіпті, демократияның да талады. Елдегі қалыптасып отырған діни ахуалды шешудің ең дұрыс жолы - шынайы діни сауатты, иманды азаматтарға мәселені шешуді сеніп тапсырып, Ғұламалар кеңесін шынайы ғұламалармен жасақтау (Зікірия Жандарбек, Досай Кенжетай, Мұқан Исахан секілді зікірші-сопы теологтар емес). Тәуелсіздігімізді тұғырлап, тыныштығымызды бекітіп, тұрақтылығымызды сақтаймыз десек, мемлекет сондай шараға барады. Себебі, билік өзінің түбіне басқа емес, діни фанаттар жететінін, соның ішінде елдегі ресми ахида матурудилікті ұстанушылардан бәрінен көбірек қауіп төнетінін біліп отыр. Себебі, билік өкілдері де, қауіпсіздік қызметтері де ешқандай ұйымдары жоқ, ешқандай көсемдері (лидер) жоқ, бір құдайшылдықты ұстанып, сүннетке берік болып, әркез бүліктен қашып жүретін, саясатқа араласпайтын сәләфилерден гөрі, өзге де ағымдар (секталар) секілді дінді пайдаланып билікке ұмтылатын, елбасын емес, мүфтиді лидер ретінде мойындайтын матурудилер (мысалы, "Талибандар") қауіпті екенін жақсы біледі. Әйтпесе, біліп-білмей ғайбат айтып, жала жауып жүрген біраз бауырларымыздың арманы әлдеқашан орындалып, елдегі сәләфиттердің әлдеқашан көзі құртылған болар еді. Демек, елбасы да, құқық қорғау орындары да шынайы сәләфиттердің терроршы, құбыжық емес екенінен жақсы хабардар. Бірақ, елдің ертеңі үшін (шеру, бүліктердің алдын алу үшін) сәләфизмді "құрбан" қылып жатыр. Әрине, бұған бола ешбір сәләфит көшеге, шеруге шықпайды, қолына қару алып адам өлтірмейді. Олардың қаруы - дұға.

Бірақ, сәләфиттер имамдардың жауып жатқан жалаларына, дінді мазақ қылып жүрген кейбір істеріне бей-жай қарай алмай отыр. Бұған дейін біздің сайтымызда сондай бір азаматтың хабарлауы бойынша, Атыраудың орталық мешітінің қызметкерлері жамағатты бір біріне айдап салып, сәләфит ұстанымындағы жігіттердің үстінен танымайтын, білмейтін адамдардың арыз жазып, істері сотта қаралып жатқанын дәлелдейтін аудиожазбасы бар мақала жариялағанбыз. Әрине, ҚМДБ әдеттегідей үнсіз қалды да (олар қазақ тілді БАҚ-тарды құйрықтарына қыстырмайтын болғалы қаша-аан) . Әлеуметтік желідегі "адвокаттары" (көбісі діннен хабарсыз) әдеттегідей "оңбаған уахабшылар", сұмырай сәләфиттер", "ату керек, асу керек оларды" деп байбаламдап мәселеден жұрттың назарын аударуға тырысты. Жалпы, тарихтан танымы бар көзіқарақты оқырман жақсы біледі, кез келген сектаның басты ерекшелігі - агрессия. Олар наразылықтарын "ату керек, асу керек, құрту керек, елден аластау керек, түрмеге қамау керек, тиым салу керек" деген талаптармен білдіреді және соны істейді.

Соңғы уақытта мүфтияттың атына аз сын айтылып жүрген жоқ. Биыл ҚМДБ Аллаһ Тағала парыз еткен отыз күн оразаны 29 күнге қысқартып тастағанын да матурудилер білмесе де, білім іздеп жүретін сәләфит тер жақсы біледі. Бірақ ешкім де шу шығарып, фитна жасамады. Үнсіз ғана өздері қосып ұстай берді. Ал мүфтият бұл туралы сұрақтарды да жауапсыз қалдырды.




Көрілген: 2744    Пікірлер: 3

сейсенбі, 26.07.2016, 15:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31