Ислам діні

Мәскеудің бас мүфтиі ҚМДБ-ның ұсынысына қатысты өз ойын айтты

  • Мәскеудің бас мүфтиі ҚМДБ-ның ұсынысына қатысты өз ойын айтты

    Мәскеудің бас мүфтиі ҚМДБ-ның ұсынысына қатысты өз ойын айтты

"Қара" деген сөз жаман ойға жетелейді. Осы тұрғыда Қазақстан мүфтиятының ұсынысы орынды , деді Ильдар Аляутдинов

Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ильдар Аляутдинов "қара жұма" атауына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы сауда орталықтары мен кәсіпкерлерді жаппай сатылымға арналған "қара жұма" атауын "жомарт жұмаға" ауыстыруды ұсынды. Себебі мұсылмандар үшін "жұма" сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Ал "жомарт жұма" жүрекке жылы тиеді. Халқымыздың ұғымына да сай келеді. Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ.

"Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертсек, бұл Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің арқасында "жомарт жұма" акциясын өткізіп, қаншама жанның алғысына бөленер еді", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ильдар Аляутдиновтың ойынша, "қара жұма" тіркесі жаман мағынаны білдірмейді. Өйткені сол күні дүкендер мен компаниялар халыққа барынша жеңілдік жасайды. Дегенмен "қара" сөзін көп жағдайда жаман нәрсемен байланыстырып жатады.

"Қара" деген сөз жаман ойға жетелейді, лас, қорқынышты, қара күштермен байланыстырып жатады. Осы тұрғыда Қазақстан мүфтиятының ұсынысы орынды. Болашақта, шынымен де осы атауды өзгертуге болады", - деді Аляутдинов РИА Новости порталына берген сұхбатында.

Айта кетері, АҚШ тұрғындары қарашаның соңында жылдың басты мейрамы – Алғыс айту күнін тойлайды. Осы күннен кейінгі жұманы "қара жұма" деп атап кеткен. Себебі сол күні сауда орталықтары үлкен жеңілдіктер жасайды. Биыл "қара жұма" 26 қарашаға келіп тұр.

sputnik.kz




Көрілген: 972    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31