Ислам діні

Мемлекет заңдарына қайшы әрекет жасау күнә санала ма?

  • Мемлекет заңдарына қайшы әрекет жасау күнә санала ма?

    Мемлекет заңдарына қайшы әрекет жасау күнә санала ма?

Сұрақ: Мемлекет заңдарына қайшы әрекет жасау күнә санала ма?


Жауап: Мұсылман үмбеті 622 жылы Меккеден тік көтеріліп, діни бостандыққа қол жеткізу үшін Мәдинаға қоныс аударғаны көпшілікке белгілі. Сахабалардың туған жерлерін тастап көшуіне түрткі болған жәйт – Меккенің сол кездегі саяси жүйесі дарул-харб (кәпірстан) болатын. Осы тұста, Алла Елшісі (с.ғ.с.) Құрайыш мүшріктерінің аманатын тапсыру үшін көшке ере алмай, Меккеде біршама уақыт аялдауға мәжбүр болған еді.


Расында да, Мекке дәуірінде Құрайыш мүшріктері мұсылмандарға зорлық-зомбылық көрсетіп, өз діни сенімдерін ұстануға ада-күде тиым салды. Мойынсұнбаған мұсылмандарды қатаң жазалап, тезден өткізді. Мүшріктер тарапынан небір құқай мен теперіш көрген мұсылмандар діни бостандықты аңсап, туған жерлерінен үдере көшті. Осы кезде Алла Елшісі (с.ғ.с.) мүшріктердің сеніп тапсырған аманатын мұртын бұзбастан өздеріне қайтарып берді Оның себебі, Хақ Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға көшкенге дейін өзін Меккенің тұрғыны һәм азаматы деп санады. Осы елдің азаматы болғандықтан де Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мекке заңдарын аяқ-асты еткен жоқ. Туған өлкесінен аттанарында да мүшріктерге парасатын паш етіп, мұқым ғаламға құқықтық мәдениеттің жарқын үлгісін көрсете білді. Демек, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен алатын ғибрат-тағлымымыз – мұсылман адам қандай бір мемлекетте өмір сүрмесін, ол мемлекеттің қабылдаған заңдарына мойынсұнуға тиісті. Дарул-ислам (мұсылман елі) түгілі мұсылман баласы дінсіз мемлекеттің аумағында өмір сүрсе де, оның құқықтық актілеріне қарсы келуіне болмайды. Жалпы, ислам ғұламалары тек соғыс жағдайында ғана кәпір елге қарсы айла-шарғы әрекеттерін жасауға болатынын айтады. Басқа уақытта қандай бір мемлекет болмасын, ол сіздің өмір сүруіңізді, білім алуыңызды, денсаулығыңызды, кәсіппен шұғылдануыңызды, отбасын құруыңызды, қоғамдық қауіпсіздігіңізді және т.б. құқықтарыңызды қорғап, қамтамасыз еткендіктен, ол мемлекеттің заңдарына мойынсұнуыңыз керек. Салық төле десе, салық төлеуге міндеттісіз. Қоғамдық тәртіпті сақта десе, сақтауыңыз шарт. Отан алдындағы борышыңды өте десе, өтеуге тиістісіз. Жоғарыдағы сауалға жауап ретінде Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына бір хадис-шарифімен аяқтағым келеді: Әбу Хунайда Уәли ибни Хужр (р.а) былай деді: Сәлама Ибни Язид әл-Жуфи Расулуллаға (с.ғ.с.): – Уа, Алланың Елшісі! Біздің басымызға өзінің мүддесін қанағаттандыруды қатаң талап ететін, бірақ біздің мүддемізді ескермеген билеуші келсе, біз не істеуіміз керек? деп сұрады. Алғашқыда Расул-Әкрам бұл сұраққа жауап бермеді. Бұл сұрақты қайта қойғанда барып: – Оның айтқандарын орындап, мойынсұнасыз. Ол жасаған ісі үшін, сіз де әрекеттеріңіз үшін жауаптысыз, – деп жауап берді (Муслим, Имара, 49-50, Тирмизи, Фитан, 30).

Мұхан ИСАХАН


 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31