Ислам діні

Мүфтият ашқан арнаның азғындықты көрсетікені қалай (ВИДЕО)

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

facebook.com әлеуметтік желісінде Бекжан Сабыржанұлы «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бастамасымен ашылған «Халық арна» осы ма? «Асыл арнаны» — «Халық арнаға» айналдырудағы мақсат осы ма еді?, деп жазады kznews.kz тілшісі.

 

Мына бағдарлама осыдан 1 ай бұрын шыққан екен эфирге. Бүгін қайталап көрсетті. Не мақсаттары барын түсінбедім. Тек студияға келген траснвестит пен асабаның арақатынасын анықтауға тырысып, «еркекпен болдың ба, болмадың ба?» «Қанша ақша табасыңдар?», «Клиенттерің кімдер?» дегендей сұрақтарды білу үшін шақырған екен. Кәдімгі бизнесменге қоятын сұрақтар ғой). Амилай да бәрін ашып айтып тұр. «Бізге басына тақия киген молдалар да келеді» деді. ҚМДБ, қай имам екен ол барып жүрген? Анықтадыңыздар ма?

 

Бұл бағдарлама біте салып, «ЖЫР НАСИХАТТАРЫ» басталды. Өмірқұл Айнияз жарты сағат жырлады. Артынша «Әжелер өнегесі» болып жатыр)))» деп жазды.

 

Бұл жазбаға Нұрбек Бекбау «Халық арна қазір мүфтияттікі емес. ҚМДБ-ның ресми арнасы «Мұнара» деп жазды. Оған Бекжан Сабыржанұлы «Нұреке, мен ҚМДБ-нікі дегем жоқ. Бірақ бас мүфтидің ашқан арнасы екені рас қой былтыр. Арнаның атауын ауыстырып, арттарын тазалап кетулері керек еді» деп жауап берді.

 

Сондай-ақ Алтынбек Рахымберді «Халық арна қазір Муфтияттікі емес. ҚМДБ -ның ресми каналы МҰНАРА ТВ.» деген жазбасына Бекжан Сабыржанұлы «Алтынбек Рахымберді, тап қазір эфирден «Ихсан ілімі» деген бағдарлама өтіп жатыр. Мүфтияттың тапсырысын әлі де орындап отыр ма демек? Халық арнаны бас мүфти былтыр ашқан, биыл ресми жабылғанын жариялады ма?» деп осы суретті жариялады.

 

 

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен «Халық арна» телеарнасы ашылған болатын. Бас мүфти ашқан телеарнаның бір жылға жетер-жетпес уақытта азғындықты көрсетіп кеткені өкінішті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 19:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 19:55
    ТӘУБЕ ҚЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ
    19 Қараша, 01:03
    Әке-шешемді сатамын...
    16 Қараша, 15:54
    ӘУРЕТТІ ЖАБУ ДЕГЕН НЕ?
    11 Қараша, 10:51
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша, 19:42
    Күнә және сауап
    4 Қараша, 16:02
    ӘУЛИЕ БОЛУ ОҢАЙ МА?
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31