Ислам діні

МҰСЫЛМАН АДАМДАР КӨШЕДЕ ҚАНДАЙ ЕРЕЖЕНІ ЕСКЕРУІ КЕРЕК

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға зияны тиетін, келеңсіздік пен қолайсыздық тудыратын әрбір әрекеттің алдын алуды үйрететін. Соның бірі, көше әдебі.

 

Әдеп бойынша, көше немесе жол бойында ешбір шаруасыз, бостан босқа тұруға болмайды. Өйткені, көшедегі басқа адамдарға кедергісі тиетіні айтпаса да түсінікті. Ал, көше мен жол бойындағы жұмысшылар немесе аялдамада тұрған жолаушылар сияқты адамдар белгілі бір ережеге мән беруі тиіс. Бұл қоғамдық орындар оқыс жайттардың алдын алады. Көше талаптары:

 

1. Көзді тию. Мысалы, бейәдеп нәрселерге және қыз-келіншектерге көз салмау сияқты;

 

2.Зиян тигізбеу. Тамақ қалдығы мен сусын ыдысын тастамау, дөрекі сөйлемеу және т.б.;

 

3.Сәлем беру. Кісіден уақыт немесе жөн сұрамас бұрын, әуелі сәлем беру немесе сәлем берген кісіге жауап қайтару;

 

4.Жақсылыққа шақыру. Көшеде немесе қоғамдық көлікте болған бейәдептілікке немқұрай қарамау;

 

5.Жамандықтан қайтару.

 

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаяты: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көше бойында отырудан сақ болыңдар!,-деді. Адамдар: «Отырмасқа шара жоқ, біздің мәжіліс құрып басымыз қосылатын жер – көше»,-деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер мәжіліс құратын орындарың болса, көшенің ақысын беріңдер»,-деді. Адамдар: «Көшенің ақысы не?»,-деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзді жаманнан тию, зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа шақырып және жамандықтан қайтару[1]»,-деді.

 

Бұл талаптар қоғамның салауаттылығымен қоса сауапты амалдарды қамтиды. Сүннеттің де тамашалығы осында. Сондай-ақ, мұсылманның ұстанымы «...Егер оған бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер...[2]» екенін ұмытпаңыз.

 

mazhab.kz




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 15:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31