Ислам діні

Мұсылман әйелдің бөтен ер азаматпен қол беріп амандасуына бола ма?

  • Мұсылман әйелдің бөтен ер азаматпен қол беріп амандасуына бола ма?

    Мұсылман әйелдің бөтен ер азаматпен қол беріп амандасуына бола ма?

Жалпы мұсылман әйелге бөтен ер азаматқа қол беріп амандасуға бола ма? Бұл сұраққа шариғат заңы тұрғысынан ummet.kz сайты жауап береді.

Шариғатта сәлемді бірінші болып беру – сүннет амал. Ал, оған жауап қайтару уәжіп болып табылады.


Әйгілі хадисте: "Екі мұсылман кездесіп, бір-бірімен қол беріп амандасқан кезде, олардың күнәлары қош айтысқанға дейін кешіріледі", - делінген.

Басқа риуаяттарда екі мұсылман қол беріп, сәлемдескен кезде сол сәтте олардың амандасып жатқан қолдарының арасынан күнәлары ағып төгіледі дейді.


Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан жеткен хадисте былай айтылған: Мұсылманның мұсылманға бес ақысы бар: сәлем қайтару, ауырған адамды зиярат ету, жаназаларға еру , шақыруға жауап беру және түшкірушіге дұға айту.

Қол беріп бір-бірімен сәлемдесу, ислам дінінде тек ер кісілерге қатысты атқарылартын сүннет амал. Мұсылман әйел кісілерге бұл үкім жүрмейді. Мұсылман әйелдердің бөтен ер адамдармен қол беріп амандасуы – Ислам дінінде құпталмайтын іс.


Алла Елшісі осыған қатысты: "Расында мен әйелдермен қол беріп амандаспаймын" деген. Айша анамыздан жеткен келесі бір хадисте: "Алланың атымен ант етейін! Алла Елшісінің қолы өзге әйелдердің қолына тиген емес. Олармен тек сөз сөйлеу арқылы келісім жасасқан" деп келеді.

Сонымен қатар, мұсылман әйелдердің шариғат шеңберінен шықпаған түрде махрам ер кісілермен және өзге әйелдермен қол беріп амандасуына рұқсат етіледі.


Егер де, танымайтын бөтен ер адам мұсылман әйелге жай ғана сәлем беретін болса, онда оған ешқандай жауап қайтармағаны абзал. Танитын махрам емес ер адам жұмыс бабымен амандасқан жағдайда, оған даусын көтермей жауап береді немесе ишарамен жауап бергендігін білдіртеді.


Мұсылман әйел махраммен қол беріп амандасуына болады екен деп, онды-солды қолын созып, амандаса бергені де орынды емес. Хадисте: "Ұят – иманның бөлігі" - делінген.

Ислам діні адамды қандай жағдайда болмасын бұзықтық пен ұятты істен сақтайтын өмір салтын ұстануға шақырады.


Осыған орай, қыз – жайқалған гүл. Қалай баптасаң, сондай болып өседі. Қыздың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық болуы тиіс. Қазақ ықылым заманнан қыз баласын намысым, арым, ұятым деп қадірлеген. 




Көрілген: 2527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 14:30
    Көз тиюге қарсы дем салу
    24 Қараша, 18:02
    Рия деген не?
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31