Ислам діні

Мұсылмандардың ең алғашқы тиынында қандай аят жазылған? (фото)

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Адамзат ақшаны ойлап тапты. Саудаласу үшін. Күделікті өмірдің айнымас, ажырағысыз бөлігіне айналды. Ақшасыз аттап баса алмайтын қоғам орнады.


Ақша дәуірі үстемдік құрмай тұрғанда адамзат тек өз күшіне, еңбегіне ғана арқа сүйейтін. Өркениеттің басты атрибутына айналған ақша тек төлем құралы болудан қалып, түрлі мәмілелерге бастайтын немесе арандататын, араздастыратын саясат құралына айналды.


Ақша туралы таңды таңға ұрып айтуға болады. Десе де біздің қозғайын деп отырған тақырыбымыз мүлдем басқа тарапта жатыр: бұл арада мұсылмандардың ақша тарихына қатысты сөз қозғамақпыз.


Ақиқат жаршысынің (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) көзі тірі кезінде әлемде екі алып держава болды: Византия және Сасанидтік Иран.


Бұл тұста Арабияда елді басқарудың басқа түрі қолданылатын: әр тайпаның өз көсемі болды әрі олар маңызды шешімдерді қабылдады. Араб түбегіндегілердің дені сауда-саттықпен айналысып, інжу-маржан, жібек, ладан, алтын, піл сүйегі, т.б. сатты. Олар саудасын баспа-бас айырбастау (бартер) арқылы есеп айырысатын.


Жас мұсылман мемлекеті қанатын кеңге жайып, ауқымды территорияға иелік еткеннен кейін жағдай өзгерді: мұсылман билеушілері бірінші кезекте жаңа мемлекеттік қатынас құруға көшті. Соның ішінде, экономикада.


Мұсылмандардың қоластына өткен византиялық немесе сасанидтік ирандықтар бұрынғы ақшаны пайдаланатын. Византияда ақша ретінде алтын тиындар, ал парсылар күміс драхмандарды пайдаланатын.


Мұсылман билеушілер алтын және күміс тиындар шекітіп, дизайнына өзгерістер енгізді. Тиындардан айшық пен императорлардың бейнелері әне от ғибадатхана суреті алынып тасталды. Осман халифаның тұсында тиындарда хижра жыл санауының күндері пайда болды.


Десе де бұл өзгеріс бұқаралық сипат ала қойған жоқ. Алғашқы аутентикалық мұсылман ақшасы біздің дәуірімізде 696-697 жылдары халифа Әбдімәлік бин Мәруана тұсында пайда болғанын айта кету керек. Мұсылман иелігіндегі елдерде қолданыстағы шетел тіліндегі ақшалардың бәрін айналымнан алдырды.


Ол, сондай-ақ, алтын және күміс тиындарды шекудің стандартты салмағын белгіледі. Бұдан бөлек, тиындардың өз атауы пайда болды, мәселен, алтын тиын динар аталса, күмісі дирхам аталды. Барлық тиынның бетінде шаһада (Алладан өзге тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі) жазылатын. Келесі бетінде «ат-Тәубе» сүресінің 33-ші аяты (Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да - kuran.kz) жазылатын.


Сол тұстағы белгіленген ақша дизайны мен салмағы бірнеше ғасыр бойы сақталды.






islam.kz





Көрілген: 1278    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 14:30
    Көз тиюге қарсы дем салу
    24 Қараша, 18:02
    Рия деген не?
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31