Ислам діні

Мұсылмандарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

  • Мұсылмандарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

    Мұсылмандарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.

 Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар", &ndash деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты", &ndash деген.

Дана халқымыз: "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде", &ndash деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру &ndash әр азаматтың өз еркі.

Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін!", - деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасында.

Бұған дейін "Спутник V" вакцинасын жасап шығарушылар оның хәлал екенін хабарлады.

Stan.kz




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30