Ислам діні

МҰСЫЛМАНҒА ПАЙДА ӘКЕЛМЕЙТІН СЕГІЗ НӘРСЕ

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

1. Іс, амалмен жүзеге аспаған білім

 

 Құранда осы жайында былай делінген: "Әй, мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады" /Құран, 61:2-3/. Хадисте: "Адам дүниеден өткенде үш нәрсесінен басқасының бәрі тоқтатылады. Олар: берілген садақасы, адамдарға пайда әкелген білімі, өзі үшін дұға ететін ізгі тәрбие көрген ұлы". "Кімде-кім білімді болса, оны басқаға үйретпесе, өзіне берілген байлықтан мүлде пайдаланбағанға ұқсайды".

 

2. Ықылассыз ниетпен жасалынған амал

 

Пайғамбарымыздың(с.а.у.) хадисінде: "Шындығында, іс, амал ниетке байланысты бағаланады, әрбір адамға ниетіне қарай беріледі",-деп баяндалған. Алла Елшісі (с.а.у.): "Дін-шынайылықтың көрінісі болып табылады",-деген. Құдіретті Алла хадиси-құдсиде былай дейді: "Ықылас-менің құпияларымның бірі. Құлдарымнан кімді жақсы көрсем, соның жүрегіне мен ықыласты орналастырдым. Періште  таныс  болса да, оны жаза алмайды, шайтан таныс бола отырып, оны бұза алмайды".

 

3. Босқа кеткен уақыт 

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Есеп күні құлдың аяғы мына төрт нәрседен сұралмай орынан тұрып, қозғалмайды: өмірін қалай өткізгені жайлы, жастығын неге арнап, өткізгені туралы, білімін қайда қолданғаны жөнінде, дүниесін қайда жаратқаны жайында". Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы да: "Адамдар Алланың берген екі нығметінің қадірін біле бермейді: ол-денсаулық пен уақыт".

 

4. Арам жолмен табылған табыс

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы жайында былай деген: "Аллаға арқа сүйеп, еңбек етесіңдер, Алла сендерді қалай ризықтандырады, қараңдар, ол құстарды қалай қоректендіреді, таң ата ұясынан ұшып, кешкісін тоқ күйінде оралады". Алла Елшісінен (с.а.у.): "О, Алланың Елшісі, қандай табыс ең жақсы табыс болып саналады?",-деп сұрағанда, ол: "Адамның өз еңбегімен табылған табыс және кез-келген адал сауда". Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Ең жақсы табыс-шынайы адалдықпен еңбектенген   табыс",-деген.

 

 5. Алланың разылығына ұмтылмаған  жүрек

 

Алла Расулы (с.а.у.) былай дейді: "Егер кімде-кім  адамдардың ашуын туғызып, Алланың разылылығын іздесе, Алла оны адамдарға қатысты қиындықтан құтқарады. Ал егер біреу Алланың ашуын тудырып, алайда адамдардың разылығын іздесе, оны Алла адамдардың қиындығына беріп қояды".

 

6. Аллаға құлшылық жасамаған/бойұсынбаған/ дене

 

 Адам бүкіл дене бөлшектерімен өзін Жасағанға бағынады. Кімнің денесі Аллаға бойұсынбаған болса, оның жаны сияқты одан теріс айналады. Мұндай дененің Алланың алдында ешқандай құны жоқ  және Алланың разылығынан  қашық өмір сүреді. Дене толыққанды өмір сүре алмайды және оның денсаулығы жақсы болуы мүмкін емес.

 

7. Қажетсіз ойлар

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Расында, Алла менің үмбетімнің  санасында дүниеге келген ойларды кешірді, егер олар оны өз істері мен сөздерінде жүзеге асырмаса",-дейді. Келесі бір хадисте былай делінген:"Періште бұл мүмкіндікті  жақсы көрсетіп, адамды жақсылыққа жетелейді, ал шайтан осы мүмкіндікті безендіріп, жамандыққа шақырады".

 

 8. Пайда әкелмейтін қарым-қатынас

 

Ардақты Алла Елшісінің (с.а.у.):"Адам өзінің досының дінінде болады. Сондықтан әркім өзінің жақын досы кім екендігіне қарасын!",-деген өміршең хадисі айтылмыш мәселенің мәнін айшықтай түседі.

 

 

mazhab.kz




Көрілген: 4333    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 18:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31