Намаз адамды мынадай қауіпті 10 аурудан айықтырады

Намаз адамды мынадай қауіпті 10 аурудан айықтырады

Осы уақытқа дейін әлемнің әр түрлі елінің ғалымдары намаздың адам денсаулығына тигізетін пайдасын дәлелдеп келеді. Шындығында, намаз адам жанының ғана емес тәнінің жақсаруын да ретке келтіреді екен.

 

“Күніне 5 уақыт намаз оқыған адам есігінің алдындағы өзенге 5 рет шомылып шыққан адам секілді күнә атаулыдан таза болады” , – дейді пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с).

1) Намаз – асқынған дерттерден айықтырады. Ресейдің нейрофизиолог ғалымдары намаздың қояншық ауруы кезінде көмектесетіндігін дәлелдеді.

2) Адам ағзасындағы микробтарды өлтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартады. Суға арнайы дұға оқыған кезде ондағы микробтар да өледі. 40 күн бойы Фатиха сүресі оқылған су адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Намаздағы сәжде кезінде миға көбірек қан мен оттегі барады, оны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете отырып, жадты, көру, есту қабілетін және басқа да танымдық қабілетін жақсартады.

3) Көздегі қан тамырларының белсенді айналуына пайдасы зор. Себебі намаз оқыған кісілердің көздері ретпен еңкейіп тұрады. Көздегі қан қысымы артуының алдын алады.Сондықтан намаз көзді “катаракт” немесе ”қарасу” ауруынан сақтайды.

4) Намаз – ұйқыны ретке келтіреді. Денеде жиналған электрлiк қуат сəжде жасағанда жерге өтедi. Осылайша дене қайтадан нейтрализацияланады.

5) Тазалық – адам денсаулығының мықты болуының кепілі. Ал, дәрет пен ғұсыл нағыз тазалықтың кепілі. Олар тәннің ғана емес жанның да тазалығы.

6) Оны оқығандағы ритмдер күнделікті қозғалмайтын бұлшық еттердің қозғалуына әсер етеді. Остехандроз сияқты буын ауруларын жəне сiңiр тартылуларының алдын алады.

7) Намаздағы әрекеттер асқазандағы астың жақсы қортылуына, өт қалтасында тас пайда болмауына және іш кебуді кетіруге көмектеседі.

8) Намаз уақытының пайдасын да ғалымдар дәлелдеді. Медицина ғылымдарының докторы Б.С.Алякринскийдің айтуынша, адам ағзасындағы 400-ден астам функциялар биологиялық сағатқа бағынады. Тәулік ішінде 50 шағын және 5 үлкен биоырғақ кезеңдерінің өзгерісі болады. Биоырғақ кезеңдерінің бес үлкен өзгерісі Күн жүйесі планетасының орналасу әсеріне байланысты. Ең қызығы – бес үлкен кезеңдердің ауысымы мұсылманның бес уақыт намазына сәйкес келеді екен. Биоырғақтың әрбір бес кезеңі өзгерген кезде біріншіден биологиялық белсенді нүктелер ашылады, олар осы жағдайда 15 минут тұрады әрі шамамен екі сағаттан кейін біртіндеп жабыла бастайды.

9) Намаздағы сәждеде мойын бұлшықеттері көп әрі тиімді қозғалысқа түседі. Сіз мұны еденнен бас көтерген сәтте сезіне аласыз. Сәжде ету мен сәждеден тұру уақытында арқа бұлшықеттері қатаяды. Сондықтан намаз оқитындарда арқа ауруы көп кездеспейді. Сәжде – адам денесінен шығатын электромагниттік сәулелердің күшін жоюдың тиімді құралы. Ғалымдар сәжде еткен кезде жердің гравитациясы өзіне барлық зиянды сәулелер мен толқындарды тартатындығын дәлелдеген.

10) Мұсылмандар күніне намазда аз дегенде 34 рет сәжде ету нәтижесінде қуаныш пен тыныштыққа, жан мен тәннің саулығына қауышады.

elana.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста