Ислам діні

Намаз альцгеймер ауруынан қорғайды

  • Намаз альцгеймер ауруынан қорғайды

    Намаз альцгеймер ауруынан қорғайды

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!


Жақында Огайо штатындағы Кливленд университетінде американ зерттеушілерінің қатысуымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш зерттеуде мұсылмандар намазының білім беретін мекемелердегі білім факторына өте тиімді оң әсер (24%) беретіндігін көрсетті. Зерттеуге сәйкес, намаз - бұл үздік ақыл-ой, рухани және дене жаттығуларының бірі болып табылады.


Зерттеушілер намаз адамды қажетті энергиямен қуаттандырып, бірқатар аурулардың қорғайтынын және қан тамырлары үшін үлкен пайда әкелетінін мәлімдеді. Сондай-ақ намаз қан айналымын реттеп, жүрек жұмысын жақсартатынын да тілге тиек етті. Ең таңғажайып нәрсе-адам үнемі намаз оқыған кезде ғана осы керемет әсерлер пайда болады екен. Американдық ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеуіне 65 жастан жоғары 892-ден астам адам қатысты. Зерттеулер күніне бес рет оқылатын мүміндердің намазы адам жадының төмендеуі мен Альцгеймер ауруының қаупін 50%-ға азайтады деп көрсетті. (Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ болып, жадынан айырыла бастайды. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады). Сонымен бірге зерттеу ерлер арасында «альцгеймер» ауруының таралуы 50%-ға артқанын зерделеді. Осы зерттеуге қатысқан профессор Рифка Инзельберг намаз оқушы адам ғибадат кезінде мәдени және психологиялық артықшылықтарға ие болып, өз кезегінде, адамдарды Альцгеймер дертінен қорғайтынын тұжырымдады.


Ғылыми-зерттеулер мұсылмандар арасында Альцгеймер ауруының аз кездесуінің құпиясын ашты. Америка Құрама Штатының денсаулық сақтау ұйымдарының бірі қаржыландырған Тель-Авив пен Бен-Гурион университеті израилдік ғалымдарының зерттеулері бойынша намаздың есте сақтау қабілеті мен білім беру процесіне оң ықпалын тигізетіндігін дәлелдеді.


Келесі бір ғылыми-зерттеуге 1948 жылы оккупацияланған аймақтарда өмір сүрген 65 жастан асқан шамамен 900 палестиналықтар қамтылды, зерттеу намаз 50%-ға есте сақтау қабілетінің азаюы мен Альцгеймер ауруының қауіпін азайтатындығын айқындады.


Аударған: Меруерт Бақдәулетқызы.




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

жұма, 25.10.2019, 18:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30