Ислам діні

«НАМАЗ ОҚЫҒАНДА МЕНІ КӨРІП ТҰРҒАНДАЙ ОҚЫҢДАР»

  • «НАМАЗ ОҚЫҒАНДА МЕНІ КӨРІП ТҰРҒАНДАЙ ОҚЫҢДАР»

    «НАМАЗ ОҚЫҒАНДА МЕНІ КӨРІП ТҰРҒАНДАЙ ОҚЫҢДАР»

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағала былай дейді: «Үмметіңе бес уақыт намазды парыз қылдым. Және дәргейімде; «Кімде-кім, оларды уақытында оқуды жалғастырса, оны жұмаққа кіргіземін» - деп уәде қылдым. Кімде-кім жалғастырмаса, дәргейімде оған (мұндай) уәде жоқ». («Сүнән ибн Мажа»)

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Сондай олар (тақуалар) көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды». (Бақара сүресі, 3-аят). Бұл аяттың мәтініндегі «Салат» сөзі оқылуы баршаға белгілі – «Намаз». Намаздың оқылуы, шарттары мен рүкіндері, сүннеттері мен әдептері, мәкруһтары мен муфсидтері (намазды бұзатын нәрселер), сипаты, оқылу тәсілі «Намаз оқып жатқанда Мені көріп тұрғандай оқыңдар» хадис шәріпіне сай Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісі, сөзі және құптауынан алынған. 

Бұл оқылу тәсілі о баста мұсылмандар арасында амал қылынып, мүтәуәтир жолмен жетіп, діни кітаптарда да жазылған. 

Сөздікте «жүрек және тілмен айтылған дұға» және «денеге тән әрекет болған ерекше іс» мағынасына келетін «салат» сөзі дінімізде Пайғамбарымыздан көру арқылы жеткен жүрекпен, тілмен, денемен және ерекше рүкіндермен орындалатын кемел құлшылықтың аты болған. 

Хадестен (дәретсіздіктен) тазалық, нәжістен тазалық, сәтр-і аурат (ұятты жерді жабу), құбылаға бет бұру, ниет деген алты шарт арқылы басталатын, ифтитаз тәкбірі, қиям, қырағат, руку, сәжде, қағда-и ахира деген рүкіндермен орындалатын ен екі парызы бар. 

Фатиха, қосымша сүре және тәғдил әркан сияқты бірнеше уәжіптері, бұлардан басқа көптеген сүннеттері, мүстәхаптары, әдептері, мәуруһтары және муфсидтері бар. Сонан соң бес уақыт және жұма сияқты парыз, үтір, айт сияқты уәжіп және мүәккәд сүннет және ғайры мүәккәд сүннет, нәпіл деген бөлімдері бар. Бұлардың барлығы фиқх, ғылымхал кітаптарында жазылған. 

 mazhab.kz




Көрілген: 1296    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 00:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31