Ислам діні

НАМАЗ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЙНАМАЗБЕН НАМАЗ ОҚУҒА БОЛА МА?

  • © muftyat.kz

    © muftyat.kz

Қазіргі кезде намаз үлгісі көрсетілген жайнамаздар кең таралуда. Оның ішінде Құран аяттары, Алланың есімдері, дұғалар бар.

 

Мұсылман адам Құранды әрі шариғаттың белгілерін құрметтеуі тиіс. Кім Құранды құрметтесе Алла Тағаланы құрметтегені, ал кім оны кемсітсе, Алланы кемсіткен болады. Алла Тағала Құранда былай дейді:

 

 ذَلِكَ وَمَنْ يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِنْ تَقْوَى الْقُلُوبِ

 

«Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса: күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» («Хаж» сүресі, 32-аят).

 

Омар (ол кісіден Алла разы болсын): «Құранды ұлықтаңдар», &ndash деген (Құртуби тәпсірі, 1/29).

 

Ал жайнамаздың үстіне Құран аяттарын, дұғаларды жазу қасиетті рәміздерді елемеу және оның беделін, мәртебесін бағаламау болып саналады.

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде Құранды жерге, киімге, төсенішке, жастыққа және т.б. жазуға тыйым салған деректер жеткілікті. Соның бірі Амр ибн Шұғайыптан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құранды жерге жазуға тыйым салған», &ndash делінген (Ибн Батта, «әл-ибәнә», 5/325. Әл-Мустағфири, «Фәдәйлу әл-Құран», 1/200).

 

Себебі жерді барлығы аяғымен басып жүргендіктен, оған жазылған Құран аяқ асты болып кетуі мүмкін. Бұл Құранды құрметтемеуге алып барады. Ол үлкен &ndash күнә (Әбу Убайд Қасим ибн Сәләм, «Фәдәйлу әл-Құран», 121).

 

Кәмал ибн Һумам: «Құранды, Алла Тағаланың есімдерін дирһамға, михрабқа, қабырғаға және төсеніштерге жазу &ndash мәкруһ», &ndash деген (Фәтху әл-қадир, 1/173).

 

Жоғарыдағы тыйым салынған деректер Құранның, шариғаттың белгілері аяқ-асты болып кетуіне байланысты келген. Сондықтан намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқу аталмыш тыйымның құрамына кіреді.

 

Оған қоса жаттамаған сүрелерді Құранға қарап оқу намазды бұзады (Хашияту әт-Тахтауи, 336) әрі суреттің үстіне сәжде ету мәкруһ саналады (Нуру әл-идах, 112). Қорыта айтқанда, мұндай жайнамазбен намаз оқуға болмайды.

 

 

 

Шариғат және пәтуа бөлімі

muftyat.kz/

 




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31