Намазда түшкіріп, «Альхамду Лилля» десе – намаз бұзыла ма?

Намазда түшкіріп, «Альхамду Лилля» десе – намаз бұзыла ма?

Жалпы тұрғыда намаз барысында Құран аяттары мен сүннетте келген дұға және зікірден басқа қандай да бір сөз айту намазды бұзады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuslim.kz-ке сілтеме жасап.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

 «Расында, бұл намаз! Оның ішінде адамның сөзін айту дұрыс емес. (Намазда жасалатын) іс - таспих, тәкбір және Құран оқу»,  – деп айтқан.

 

Алайда зікір мен дүға сөздері (Алланың есімі аталған сөздер) намазды бұзбауы үшін келесі шарттар қойылады:

 

Адам баласының күнделікті сөйлейтін, адамнан сұрай алатын дүниелердің болмауы

Біреуге жауап ретінде қолданылмауы

Біреуді үйретуді көздемеу

 

Демек, бір адам намазда «Уа, Алла! маған әдемі киім кигізші» десе, намазы бұзылады. Себебі, әдемі киімді адам баласынан сұрауға болады. Ал Жәннатқа кіру, тозақтан алыс болуды дұға ету намазды бұзбайды. Өйткені бұны тек Алла Тағаладан сұрауға болады. Басқа ешкім бұндай талапты (дұғаны) орындауы мүмкін емес.

 

«Жауап ретінде қолданылмауы» деген шартқа қатысты айтатын болсақ, мысалға бір кісі «Ассаляму аляйкум» деп сәлем бергеннен кейін, намаз оқып тұрған кісі «Уа аляйкум ассалям» деп жауап қатса, оның намазы бұзылады. Себебі, бұл сөз сәлемге жауап ретінде қолданылады. Яғни, бұл басқа біреумен тілдесу ретінде саналып, намазды жарамсыз етеді.

 

 Осыған орай, бір адам түшкіргенде «Альхамду лилля» (Барлық мақтау Аллаға тән) деп айтса, намазы бұзылмайды.  Өйткені, бұл сөз зікірге жатады әрі біреуге жауап ретінде пайдаланбайды. Тіпті бір адам түшкіргенде намаз оқып тұрған басқа бір кісі оған жауап ретінде «Альхамду лилля» дегеннің өзін де намазына кедергі болмайды. Себебі, аталмыш сөз зікір әрі дұға есебінде ғана.  «Альхамду лилля» деген сөз жауап ретінде қолданылмайтындықтан сөйлесу үкіміне жатпайды[9]. Бәрімізге мәлім мәселе, түшкірген кісіге «Альхамду лилля» емес, оған «Ярхамукалла» (Алла сені жарылқасын) деп жауап қайтарылады.

 

«Альхамду лилля» сөзі тек қана біреуді үйрету мақсатында айтылған кезде ғана намазды бұзады. Себебі, намаз, ол – құлшылық. Намаз барысында біреуді үйрету немесе үйренуге тыйым салынады.

 

Қорытынды: Намазда бір кісі түшкіріп, біреуді үйретуді мақсат етпей «Альхамду лилля» десе – намазды бұзбайды.

 

 

 

                                                                           Дарханұлы Тамирлан

                                                                       Нұр-Cұлтан қаласы бойынша

                                                                           пәтуаға жауапты маман

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста