НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ТӘСБИХТІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

04 қазан 2022, 15:30

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “(Ілімімен амал жасаған) ғұламаларды тыңдаңдар. Өйткені олар дүниенің (тура жолды көрсетуші) жарығы және ақыреттің шамшырағы”. (Суюти, әл-Жами ус-сағир)

 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) мұһажирлердің кедейлері келіп: «Уа, Алланың Расулы! Мал-мүлкі барлар үлкен дәрежелерге, мәңгілік нығметтке (мәңгілік нығметке жету бақытына) қол жеткізді. Біздің оқығанымыз сияқты намаз оқиды, ораза ұстайды әрі олардың байлығы да бар, сол арқылы қажылық жасап, ұмраға барып, Алла жолында күрес қылады қылады және садақа береді» - дейді.

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға былай дейді: «Сендерге бір нәрсе үйретейін. Сендер оны жасаған кезде, сендерден озғандарға жетіп аласыңдар. Ал, сендерден қалып қойғандар еш жете алмайды. Осы топтың ішіндегі ең қайырлысы да сендер боласыңдар. Бірақ айтқанымдай, (жаңағы байлар арасында сендерге үйреткенімді айнытпай) жасағандар да ең қайырлы болады.

 

Әр парыз намаздан кейін отыз үш рет тәсбих (Субханалла), тахмид (Әл-хамду лил-ләһ) және тәкбір (Аллаһу әкбар) айтыңдар».

 

Сөйтіп кедейлер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткенін жасап жүрді. Бұл жасап жүргендерін байларға да үйретті. Байлар да дәл солай жасауды бастады. Сахабалардың кедейлері Пайғамбарымызға келіп жағдайды айтып: «Біздің мына бауырларымыз біздің жасағанымызды жасап, айтып жүр» дейді. Сонда Алла Расулы (с.а.у.):

 

«Бұл айтқандарың Алла Тағаланың сый-сияпаты. Қалаған құлына береді. Уа, кедейлер! Мұсылмандардың кедейлері байларынан ақырет күні бойынша жарты күн, яғни бес жүз жыл бұрын жұмаққа кіретіндігі сендерді қуантпай ма?» - дейді.

 

 

 Мazhab.kz