Ислам діні

Намазхан әкесінің шектеуінен шаршаған ақтөбелік оқушы әкімнен көмек сұрады

  • https://kaz.nur.kz/

    https://kaz.nur.kz/

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов әлеуметтік желіні белсенді қолданатын әкімдердің бірі. Шенді ауыл тұрғындарының сауалын жауапсыз қалдырмайды. Бұл жолы әкімнің Instagram парақшасына мектеп оқушысы хат жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Әкесі қатты дін ұстанатынын айтқан оқушы аудан басшысынан көмек сұраған.


«Аға сізді Instagram-дағы сұрақтарға жауап береді деген соң жазып едім. Оныншы классқа көшемін.

Бес жыл бойы әкемнен үйреніп, намаздамын. Өзіңізді екі рет намазда көрдім.


Әкем әдеби, басқа да кітаптарды оқытпайды. Тек "Құран кәрімді оқы, бар білім сонда" деп айтады. Не істеймін?


Дизайнер болуды армандаймын. Әкем оны «харам» дейді. Ақыл айтыңызшы», -деген оқушы хатында.

Аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов өз жауабын да әлеуметтік желіге жүктеп, мұсылман балаларын білім үйренуге шақырған.


«Қадірлі жас дос! Сіздің оқу, білімге, өнерге деген құштарлығыңызға қатты қуанып отырмын. Қазақ әр баласын жеті өнер де аз деп тәрбиелеген. Себебі өнер мен білім азаматтың ғұмырлық азығы.

Білім - біздің ата дінімізде де ерекше бағаланады, қасиетті кітабымыз да Жаратқаннан алдымен оқу деген сөздермен бастап түскен.


Бірақ, тек діни біліммен біз алысқа бармаймыз. Заман – білімдінің қолында. Ислам қауымының көп артта қалуының да сыры сол өнер, білімге ұмтылмауында жатыр.


Саған бос уақытымда бірнеше мысалдар келтіремін. Соның алғашқысы: Исламды алғаш таныған араб елдерінде (Египет, Саудия, Морокко, Мавритания т.б.) 430 млн халық тұрады. Бұны қойсақ, 1,6 млрд халық – мұсылмандар.

Осының бәрі жабылып ерте жастан баласын ғылымға тәрбиелейтін, қазір 8 млн ғана халқы бар Израильге шамасы келіп отыр ма? Жоқ!


Бауырым, балам, біз айтқан кемшілікті түзер қазақ, барша мұсылман мақтан етер азамат болғың келсе – оқы!», - деген Темір ауданының әкімі.


 




Көрілген: 1275    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30