Ислам діні

Нәпсіге ие болу

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

Егер адам АЛЛАХТЫҢ БҰЙЫРҒАН ЖОЛЫМЕН ЖҮРМЕСЕ, НӘПСІ ҚАЛАУЫ АДАМДЫ ТҮПСІЗ ТЕРЕҢ ШАРҒА САЛЫП САНДАЛТЫП ҚОЯДЫ.


Исраил ұлдарының арасында бір Абид (құлшылық етеуші) кісі бар еді. Түнде Аллаһқа ғибадат етіп, күндіз саудамен айналысатын еді. Әрқашанда нәпсіне былай айтатын еді:


Әй нәпсім,Аллаһтан қорық! әй нәпсім Аллахтан қоры! Күндерден бір күні базарға бару үшін үйінен шығып,қала басқарушысының есігінің алдына келді. Сататын нәрсесінің атын айтып дауыстады. Қала басқарушысының әйелі қараса, есіктің жанында сатушы бір еркек тұр екен. Түрі өте әдемі, ондай адамды әйел әлі көрмеген еді. Әйел ол абит еркекті ұнатып қалды да оны үйіне шақырып, былай деді:


-Әй сатушы,киімдеріңді шығар. Әдемі жібек киім берейін, соны киіп ал. Қалағаныңша дүние берейін. Сатушы :

-Әй нәпсім! Аллаһтан қорық. Мен әлемдердің Раббы Аллаһтан қорқамын. Әйел былай деді:

-Уаллаһи, сен маған берілгенше мен есікті ашпаймын.Сатушы абит нәпсісіне тағы былай деді:

-Әй нәпсім! Аллаһтан қорық.


Сатушы бір сағатқа дейін ол жерден құтылу жолдарын іздеп, былай деді: -Әй қала басқарушының әйелі Маған уақыт бер, дәрет алып,екі рәкағат намазымды оқиын. Дәрет алып, тамның төбесіне шықтыда екі ракат намаз оқиды. Намазды оқып болып төменге қараса,жиырма зиредей биікте тұр екен (ең кемінде он бес метр ) Содан соң, көздерін көкке бұрып,Раббына дұға етіп жылады.


-Мен жетпіс жыл бойы саған құлшылық етудемін.Мені ол әйелден құтқар.Әйтпесе мен ол әйелдің қалауын істеп қоюым мүмкін, «Әй, нәпсім Алладан қорық» деді де ,өзін тамның төбесінен тастады.Ол тамның төбесінен секірейін деп жатқан кезде,Аллаһ Жәбірейіл алейһиссаламға былай бұйырды:


-Құлымды барып құтқар,менің азабыма ұшыраудан қорқып,өзі тамның төбесінен секірді.Жерге түспестен оған жет. Жәбірейіл алейһиссалам тез келіп , саудагер абидті жерге түспестен ұстай алды. Құдды анасы сәбиін құшақтағандай. Әйелден құтылған абид үйіне кетті. Құтылғаны үшін қуанышты еді. Балашағасының қасына барғанда қарны аш болатын. Әйелінің жанына отырды. Дәл осы кезде көршілерінен бір адам келіп қарызға бір нан сұрады.


Абид ол адамға былай деді:

-Уаллаһи,неше күн болды біздердің жейтін нанымыз жоқ. Қаласаң өзің барып тандырды қара. Көршісі барып,тандырға қараса,тандырда жаңа пісіп тұрған нан бар екен.Жағдайды абидке хабар етті. Екеуі барып нанды бөлісіп жеді.


Абидтің әйелі бұл іске таң қалып Сұрады:

-Бұл керемет менен емес сен тараптан,бұның сыры неде? Абид жағдайды әйеліне айтып берді.Сосын бәрі бірігіп Аллаһқа шүкіршілік етті.


Талақ сүресінің 2,3-ші аяттарында: «Бір кісі, Аллаһ үшін тақуалық жолында болса, Аллаһ оған құтылу жолын нәсіп етеді. Ойламаған жерден рызық несібесін жеткізеді»




Осакаров ауданы Тоқа Байғозы қажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы


 ihsan.kz




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

сенбі, 15.12.2018, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30