Ислам діні

Насыбайға қатысты шариғат не дейді?

  • сурет ғаламтордан

    сурет ғаламтордан

 Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерін назарға ала отырып бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі - «Әр зиянды нәрсенің үкімі &ndash харамға байланған»[1]деген қағида, екіншісі - «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау».

 

Бұл дегеніміз, насыбайдың жаппай атқан адамға тиетін зардабы анықталып жатса және оның зияны пайдасынан асып түссе немесе пайдасы мен зардабы қатар келсе, онда оған харам деген пәтуа беріледі.

 

Қазіргі таңда насыбайдың зияны медицина мамандары тарапынан анықталып отыр. Оның құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі екен[2]. Және жақында ғана Швед елінде арнайы насыбайға жүргізілген зерттеу нәтижесінде, оның құрамында хром, никель, кадмий, қорғасын және күшән ерітіндісі (мышьяк) шамадан тыс қамтылғандығы анықталды. Мысалы, никель &ndash 5,1 есе, хром &ndash 17 есе, қорғасын &ndash 38 есе көп. Ал күшән ерітіндісі мүлдем болмауы тиіс дейді. Бірақ насыбайда ол бар[3].

 

Осыларға қарай отырып айтарымыз, мұсылман кісі насыбайға әуестенуден бойын аулақ ұстауы шарт. Өйткені Жаратушы Иеміз өзінің қасиетті аятында былай деп бұйырады: ««(Пайғамбар) Сендерге таза нәрселерді халал етіп, жаман нәрселерді арам қылды»[4]

 

 

 

islam.kz




Көрілген: 1186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31