Ислам діні

Не нәрсе ұятты болса, сол асыл

  • Не нәрсе ұятты болса, сол асыл

    Не нәрсе ұятты болса, сол асыл

 «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс – тұрысы мен киім – киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата – ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жанындағы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш тиетін киімдерін айтар болсақ, бұрын-соңды болмаған, естіп көз көріп, құлақ естімеген дене мүшелерінің жарым –жартысы ашық киімдерге әуес болуда. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Көшедегі ыңғайсыз жағдайға қалдырар қазіргі таңда қаракөз қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігіп, жүрегің ауырады. Осындай жеңіл жүріс әрекеттердің салдарынан қыздар жүкті болып, болған істі жасыру үшін жасанды түсік жасатып, келешекте аналық құқығынан айырылып жатады. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген тәсілді ұмытып бара жатқан сияқтымыз.

Ата мен ана бала тәрбиесінің қамқоршысы ретінде отбасындағы тәлім-тәрбиенің алтын арқауын босаңсытпауы керектігіне көңіл бөліп, болашақтағы шаңырақ шырақшыларының тәрбиелі, өнегелі, ұстамды болып өсуіне ықпал жасау керектігінің маңызына тоқталды. Үй ішінен бойға сіңірген әдепті дағды, аялы алақан жылуы жастардың өміріне тигізер ықпалы өте зор екенін ұмытпайық ағайын. Теріс жолға түсіп, нәпақасын содан тауып жүрген әйелдердің іс-әрекетіне ислам діні де қарсы. Қыз бала қанша жерден білімді, дәулетті, белгілі әрі беделді болса да, оның өмірдегі ең үлкен үміті әрі бақыты - ол отбасын құру, және оның ең басты арманы - үлгілі әйел, құрметті ана және отбасының сүйеніші болу керек.Қоғамдағы қыздардың абырой-беделінің түсіп кетуі, алданған, зорланған қыздардың көбеюі, тастанды балалардың көз жасы-осылардың салдары емес пе? Ал арын сатқан қыздарды ауызға алудың өзіне арланасың. Иә, адамның бойындағы ұят, ар сияқты құнды сезімдердің азайып бара жатқаны жаныңа батады.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Ұят пен иман бір-бірімен тығыз байланысты, егер біреуі жоғалса, екіншісі қоса кетеді».Ендеше, адамдар өз ұяттарын жоғалту арқылы иманнан да алыстап барады. Ал иман жоғалса, болашақтың бұлыңғыр тартары сөзсіз. Қазір отбасыңмен отырып теледидар көру мүмкін емес десе де болады. Ең аяғы, жарнамалардағы қыздарға дейін іш киіммен билеп жүреді. Осындай он бес минут сайын қайталанып жатқан жарнамаларды жаттап алған балалардың, зина мен қылмыстың ордасындай болған телехикаялардан көз алмай өскен жастардың санасы уланбады деп қалай айтамыз? Телехикая кейіпкерлерін отбасының бір мүшесіне айналдырып алған ата – аналар балаларын қалай тыйсын? Саналарына ашық – шашық киінудің, әдебімізге жат сәнге ілесудің, зина жасаудың ауыр болатынын сезінудің өзі қорқынышты. «Не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен Ғабиден Мұстафин.

mazhab.kz




Көрілген: 1655    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 19:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31