НЕГЕ ХАУА АНАМЫЗ ДӘЛ ҚАБЫРҒАДАН ЖАРАТЫЛҒАН?» ДЕГЕН СҰРАҚҚА БІР ДАНАГӨЙДІҢ БЕРГЕН ЖАУАБЫ

21 ақпан 2022, 18:24

Бір данагөй қариядан біреу сұрапты:

 

- Ақсақал, осы неге Хауа анамызды Адам атаның дәл қабырғасынан жаратқан? Неге, мысалы, басынан жаратпаған, неге аяғынан жаратпаған? - депті.

 

Сонда қария былай деген екен:

 

- Хауа анамызды Адам атаның басынан жаратпағаны – оны (Адам атаны) басқармасын дегені. Аяғынан жаратпағаны - оған (Адам атаға) күң болмасын дегені. Ал, бірақ Адам атаның қасында болсын деп, оны қабырғасынан жаратты. Оған (Хауа анамызға) ол қамқор болсын деп, иық астынан жаратты. Оның (Адам атаның) сүйіктісі болсын деп, жүрек тұсынан жаратты, - деген екен абыз.

 

 

 

mazhab.kz