Ислам діні

Неге сен биік дәрежеде болуды қаламайсың?..

  • Неге сен биік дәрежеде болуды қаламайсың?..

    Неге сен биік дәрежеде болуды қаламайсың?..

Атақты Ибраһим Әтхәм мен Шәкик Бәлхи Меккеде кездесіп қалады. Шәкик Бәлхи өзін тек құлшылыққа ғана арнап, тіршіліктен оқшауланып, әбден азып-тозған күйде еді.

Ибраһим Әтхәм ол кісіден:

«Сенің мұндай халге түсуіңе не себеп болды?» деп сұрайды. Ол «Күндердің бір күні шөл далаға бардым. Тақыр, құрғақ жерде қанаты қайырылған бір құсты көрдім. Өз-өзіме «Осы жерде отырып, мына құстың ризығының қайдан келетінін байқайын» деп құсты бақылай бастадым. Сол сәт тұмсығында шегірткесі бар екінші құс оның қасына қонып, аузындағы шегірткесін бірінші құстың аузына салды. Бұны көргенде «бұл құсты екіншісіне себепкер еткен Ұлы Алла қайда болсам да ризығымды жіберуге күші жетіп асады» деп дүние табудан бас тартып өзімді толығымен құлшылыққа атадым»,- дейді.

Ибраһим:

«Неге сен қанаты сынған құсқа азық тасыған сау құстың орнындағы биік дәрежеде болуды қаламайсың? Сен, Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоғарғы (беруші) қол төменгі (алушы) қолдан артық» дегенін естімеп пе едің?» деп қарсылық білдіреді.

Бұл жауапты естіп, сабақ алған Шәкик, Ибраһимнің қолын сүйіп:

«Уа, Әбу Ысқақ, сен біздің ұстазымызсың» деген екен[17].

 

[17] Ғазали, Мукашафатуль-қулуб, 182-б.

mazhab.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сенбі, 15.02.2020, 21:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31