Некесіз туған бала жәннатқа кірмей ме?

Некесіз туған бала жәннатқа кірмей ме?

Қоғамда жаңа туған он баланың екеуі некесіз немесе қазір жалғыз басты аналардан деген ұғым қалыптасқан. Статистика агенттігінің мәліметіне жүгінсек: соңғы 10 жылда елде туған 3 397 652 сәбидің 682 987-сі некесіз анадан дүниеге келген екен.

Мектеп жасындағы қыздардың жүктілігі, жасырын түсік жасату, нәрестені дүниеге әкеп, оны бірден далаға (қоқыс жәшігіне және т.б.) тастап кету, бойжеткендердің өз-өздеріне қол жұмсауы, жетімдер үйіне сәбилерін тастап кетулері елімізде «зина» күнәсінің кеңінен етек алғанына бірден-бір дәлел.

Алматы облысы, Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлының айтуынша, Алла Тағала өзге күнәларды, мысалы: «өлтірме», «серік қоспа» деп тікелей айтқан болса, зинаға байланысты оған жоламауды анық айтқан. Көпше түрде келу себебі, ол екі не одан да көбірек адамдар арқылы іске асуы мүмкін. Зинаға жолама деуінің бір себебі, жолаған жағдайда адам баласы өзінің нәпсісіне еріп, оны жасап қоятыны біліп айтылған. Өкінішке орай, қазіргі таңда жастарымыз дәл осы жағдайға тап болып жатыр.

&ndash «Зинаға жоламаңдар! Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аят). Аяттың мағынасына мән берсек, бұл жерде Алла Тағала «зина жасамаңдар» деп тұрған жоқ, «зинаға жақындамаңдар» деу арқылы арсыз үлкен күнәні жасау былай тұрсын, оған жақындамауды, тіпті оған апаратын кез келген әрекеттен бойды аулақ ұстауды бұйырып тұр, &ndash дейді имам.
Діни сарапшы Айбек Әбдіқадыр некесіз туылған жетім бала &ndash Алланың құлы дейді. Ол ібілістің әскері де, меншігі де емес. Ол некесіз туған әке-шешесінің күнәсін арқаламайды. Оның болашағы әке-шешесінің күнәсіне емес, көрген тәрбиесіне құрылатынын жеткізеді.
&ndash Баланың өзіне келсек, ол өзге адамдар сияқты өзінің істеген іс-әрекеті үшін ғана жауапқа тартылады. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әрбіреудің істегені өзіне тән. Біреудің күнәсін екінші біреу көтермейді», &ndash дейді. Егер ол бала зұлымдыққа бейіл болса: «(Алла) Залымдарға күйзелтуші азап даярлады», ал егер иман етіп туралыққа бейіл болса: «Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгесімейтін бақшалар бар». Ендеше баланы әке-шешесінің күнәсі үшін мінеп, өзгенің қатесі үшін баланы айыптау дұрыс іс емес, &ndash дейді Айбек Әбдіқадыр.
Сарапшының айтуынша, кей адамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Ойнастықтан болған бала жәннатқа кірмейді» деген хадисі бар деуі мүмкін. Алайда, бұл сөздің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) еш қатысы жоқ. Имам Мулла Қари да, Имам Ибн Жаузи де бұл сөздің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан айтылған тоқыма хадис екенін баяндаған.

Ал дінтанушы Абдусамат Қасымның айтуынша, «некесіз туылған&hellip» дегенге ұқсас риуаят жоқ емес, бар. Сонымен қатар, некесіз қатынасқа түсудің күнәсі ауыр екендігін ескертеді.

&ndash Әлсіз хадистің бірінде: «Зина баласы пейішке кірмейді», &ndash делінген. Әйтсе де, бұған қатысты Айша анамыз: «Егер әке-шешесінің ісін қайталайтын болса ғана&hellip» деп түсіндірме жасағандығы деректерде айтылады. Оның үстіне кейбір хадисші ғалымдар аталмыш риуаятты жалған хадистер қатарынан санаған. Солардың ішінде Ханафи ғалымы, хадисші Алиюл Қари да бар. Әлсіз немесе жалған хадиске сүйеніп, «харам» немесе «тозақтық» деген үкімдер шығарылмайды. Бұнымен қоса, ондағы «зина баласы» сөзі некесіз туылған баланы емес, көп зина жасаушы адамды білдіріп тұр деуге болады, &ndash дейді дінтанушы.
Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы «Зина» күнәсінің зияндары адамдардың тектілігін бұзатынын айтады.

&ndash Ғалымдардың зеттеуі бойынша, адам жыныстық қарым-қатынасқа түскен жағдайда, екінші адамның денесінен болған әсерді есінде сақтап қалады. Кейін басқа адаммен жыныстық қатынасқа барған кезінде салыстыру пайда болады. Ал егер ер адамның ұрығы әйел адамның жатырына жеткен жағдайда, сол жерде жабысып, екі не үш етеккір мерзімі өтпейінше әйел жатырынан толық тазаланбай қалады. Демек, осы арада әйел адам басқа еркекпен жыныстық қатынас жасап, жүкті болса, бірінші еркектің гені мен екіншісінің гені араласып туылған баланың тегі бұзылады.

Зерттеулерге сүйенсек, пони жылқысын жабайы зебрамен шағылыстырғанда еш нәтиже шықпайды, алайда пониді понимен шағылыстырғаннан кейінгі туылған құлынның денесінің кей жерінде зебраның жолақтары пайда болғанын көріп, ғалымдар осындай тұжырымға келген, &ndash дейді имам.
Сондай-ақ Қуаныш Бақытбекұлы зина жасаудың бірнеше салдарын атап өтеді:

Отбасылардың шаңырағы шайқалып, ажырасып, балалар жетім, әйелдер жесір болып жатыр.
Жасанды түсік жасату белең алады. Яғни шарананы жарық дүниеге келтірмей өлтіру десек қателеспейміз.
Қызтекелердің (көгілдір) көбеюіне себеп болады.
Қоғам бұзылып, азғындалған соң, Алланың азабына ұшырайтын болады.
Жыныстық ауруларға шалдығу. Олардың емделуге келетіні әрі келмейтіні де бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып кеткен: «Жаман әйелдер көбейіп, қоғамда зина етек алса, халық бұрын-соңды көрмеген жұқпалы ауруларға ұшырайды» (Байһақи риуаяты).
Хадисте «Аллаға Тағаланың қиямет күні зинақорларды шыны ыдыста астарынан от қойып қайнататындығы» жазылған. Сондай-ақ шариғатта зина жасаушыларды осы дүниеде жазалау керектігін айтады.

&ndash Егер зинақор некедегі адам болса, онда оған өлім жазасы кесіледі, яғни «ражм» (тас боран) &ndash халықты жинап, зинақорды таспен ұрып өлтіру. Ал егер некесіз бойдақ болса, дүре соғып, одан тірі қалса, өзге өлкеге көшіп кеткені абзал деген. Осы жайында Құранда бойдақтардың жасаған зинасының бұл дүниелік жазасы ретінде дүре соғылу керектігі ашық түрде айтылған. Олай болса, зинаның жазасы ауыр болмақ. Әрине, мұндай жазаның Ислам мемлекетінде ғана жүзеге асатынын ұмытпайық, &ndash дейді Қуаныш Бақытбекұлы.
«Нұр» сүресінің 2-аятында «Зинақор әйелге де, зина жасаған еркекке де жүз дүре соғыңдар. Егер сендер Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, зинақорларға аяушылық жасамаңдар. Оларды жазалағанда мүміндерден бір топ куә қастарыңда болсын» деп айтылған.
Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста