Ислам діні

Нұр-Сұлтандағы «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгерді

  • https://b-abo.ru/

    https://b-abo.ru/

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауы Әбу Насыр әл-Фараби болып өзгертілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты хабарлады. 

 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен ұсыныс түсті.

 

ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама әл-Фарабидың есімімен аталатындығы туралы шешім қабылданды. 

 

«Жақында ҚМДБ-да ғұламалар кеңесінің ұсынысымен елордамызға талай жылдар қызмет еткен Нұр-Астана мешітінің атауын Әл Фараби бабамыздың атына өзгерту жайында ұсыныс берілген болатын. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Әбу Насыр Әл Фараби бабамыздың атына өзгерту жайында шешім қабылданды. Жалпы осы елорда төріндегі мешітке бабамыздың аты берілуі тектен тек емес. Өйткені, ең бірінші Әл Фараби деген кезде әрбір мұсылман үшін, әрбір қазақ руханиятына имандылықты, білімге деген құштарлықты, қанағатшылықты, қарапайымдылықты еске түсіреді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов. 

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қабылданған шешім нәтижесінде бүгін ресми түрде бұрынғы мешіт атауы жазылған тақтайша алынып, орнына Әбу Насыр әл-Фараби атындағы жаңа мешіт атауымен тақтайша орнатылды. 

 

«Мешітке әл-Фарабидың есімін бергенде біз екі себеппен қуандық. Бірінші ғылым, білім келеді, әл-Фарабидың аты бізді жаңғыртып тұрады деп. Екінші жағдай, біз енді әл-Фараби атымен әлемге таныламыз, әлемді танимыз деп. Әл-Фараби біз үшін рухани көпір», – дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы. 

 

«Әбу Насыр әл-Фараби деген адам жеті ғасыр бойы бүкіл адамзаттың ақыл-ойының негізгі тірегі болды. Осы исламның пәлсапасын, дүниетанымын бүкіл дүниежүзіне кәсіби түрде насихаттап, жеткізген Әбу Насыр әл-Фараби. Сондықтан әл-Фарабидың атымен мешіттің аталуы бұл өте тамаша әрі орынды», – деп атап өтті ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім. 

 

Айта кетейік, 2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт елорданың Есіл ауданында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. Орталықтың ашылуына сол тұстағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 882    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 23:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31