Ислам діні

О дүниеде қай тілде сөйлейміз...

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

О дүние – біздің ақылымыз жете бермейтін тылсым әлем. Бұл жайында жаратушы иеміз Алла тағаланың сөзінен немесе сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистерінен біле аламыз.


Қабірге көмілгеннен кейін, екі періште сұрақ қоятындығы жайында және мүминдер үшін жәннаттың есігі ашылып, оның рахаты мен хош иісі сезіліп, қабірі көз жетім жерге дейін кеңейетіндігі, ал кәпірлерге тозақтың есігі ашылып, оның жиіркенішті иісі мен ми қайнатар ыстығы сезіліп, қабірі таралатындығы хадистерде баяндалған[1]. Бірақ қабірдегі кісі қойылған сұрақтарға қай тілде жауап беретіні жайында нақты дерек жоқ.


«Араб тілі – жәннәт тілі» дегенге келер болсақ, әт-Табарани мен әл-Хакимнің хадистер жинақтарында сахаба Абдулла ибн Аббас және Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген бір әлсіз хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Арабтарды мына үш нәрсе үшін жақсы көріңдер: Мен араб нәсілдімін, Құран араб тілінде және араб тілі – жәннәт иелерінің тілі», ­- дейді[2].


Имам Табарани (р.а.) бұл хадис жайында: «хадисті жеткізушілер тізбегінде Ъалә’ ибн Амр әл-Ханафи деген кісі бар. Оның «әлсіз рауи[3]» екендігін бір ауыздан бәрі айтқан», - дейді.


Ал Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген нұсқасы жайында да әлгі ғұлама былай дейді: «Хадисті жеткізуші рауилер тізбегінде Абдулъазиз ибн Ъимран деген кісі бар. Оның риуаят еткен хадистері қабыл етілмейді»[4].


Ендеше, «Араб тілі – жәннәт тілі» деген хадис «әлсіз хадис» болғандықтан, оны негізге алып «жәннәтта сөйлесетін тіліміз арабша болады» деп кесіп айту қиын.


Қалай болғанда да ақырет әлемінде түсінуге мүмкіндік беретін ортақ тілдің болары ақиқат.


Алла тағала өз рахымына бөлеп, баршамызды жәннәт иелерінен етсін!


[1] Әбу Дәуід – 4753; Ахмед – 18063.; Мүстадрак – (53) 114.

[2] Әл-Һәйсәми, Мүжмәъуз зауаид – 10/18 бет, №16600 хадис; әл-Мүстәдрак: Китабу маърифатис сахаба – 4/98 бет.

[3] Хадис жеткізуші

[4] Әл-Һәйсәми, Мүжмәъуз зауаид – 10/18 бет.


Абдусамат Қасым

islam.kz




 




Көрілген: 5213    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30