Ислам діні

О ДҮНИЕЛІК ӨМІРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Күнделікті тіршіліктің пәни екендігін бәріміз мойындаймыз. Себебі, осы уақытқа дейін қаншама милиардтаған адам бұл дүниеге қонақ болып кетті және әлі де қаншамасы келіп кетері сөзсіз.

 

Адам бұл пәни дүниеге өзін жаратқан Ұлы Жаратушыға құлшылық ету үшін келген болса, («Зарият» сүресінің 56-аятын қараңыз) ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алланың сынағынан өтуді басты мақсат деп білу тиіс. Олай болса, осы дүние ақырет өмірінің егістік алқабы іспетті. Осы өмірде адам баласы не ексе, ақыретте соның жемісін, яки жазасын көреді. Өмірдегі сынақтан өту үшін Алла адамға ақыл мен таңдау еркін беріп, дұрысты бұрыстан айырсын деп пайғамбар мен шариғат жіберді.

 

Бұл пәниге ешбір мақсатсыз, ойымызға не келсе соны жасау үшін жіберілмедік. Аятта бұны былай деп келтіреді: «Расында Біз сендерді босқа жаратпадық. Тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма? Шынайы патша Алла өте жоғары. Одан басқа Тәңір жоқ. Ол ардақты ғаршының Раббы» («Муминун» сүресі, 115-116 - аяттар). Дүние тіршілігіндегі өлім мен өмірдің мақсұты пенденің сынақтан өтуі екендігін Алла мына бір аятымен ашық түрде ескертеді: «Ол қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты. Ол &minus Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда оларға өте кешірімді)»(«Мүлік» сүресі, 2-аят).

 

Пенде бұл дүниеде ішіп-жеген, жиған-терген бүкіл рызық-несібесі үшін о дүниеде міндетті түрде есеп беретіндігі де басы ашық мәселе: «Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққатартыласыңдар» («Тәкәссур» сүресі, 8-аят).

 

Әлемдегі өмір сүру қағидасы ықылым заманнан бері өзгермей келеді. Күшті әлсізді езіп, билік иесі қол астындағыларға білгенін істетіп, қала берсе, ақысын жеп, құқығын таптап ғұмыр кешуде. Қаншама жазықсыз жандар өлтіріліп, бас бостандығынан айрылуда. Мұндай жайттарды айта берсек көп. Дегенмен әділдік болу керек қой? Жәбір шегушілер бұл дүниеде өзінің мұңын айта алмай, ақысын ала алмай, ішкі жан дүниесі бұлқан-талқан болып, жанын қоярға жер таппай, шарасыздықтан не істерін білмей, іштей тынады. Бірақ ақыретте мұндай әділетсіздік болмайды. Себебі, әділдердің әділі Алла Тағала әркімнің жасаған амалына қарай сыйы мен жазасын береді. Пенденің бұл өмірде ала алмаған ақысын, құқығын о дүниеде Алла Тағала қайтадан орнына келтіреді. Егер о дүниеде де әділдік болмаса, пенде Раббысының құзырында: «Я, Раббым Алла! Екі дүниеде де әділдік болмаса мені неге жараттың? Неге бізге шынайы дара жолыңды үйреттің? Егер де ақыретте оның ақысын ала алмасам, жасаған амалымның нәтижесін көрмесем, тек ақ жолыңды ұстанып, ешкімнің ақысын жемеуге тырыссам, Сені Әділ Жаратушы деп танып, иман етсем, бірақ та мұның ешбірінің сиын көрмесем, неге мені жазаламақсың?» - деп уәж айтары сөзсіз.

 

Әрине, бұл мәселенің де Құранда қисынды жауабы дайын. Алла Құранда жақсы амал жасап, иман келтіргендерге сый ретінде жәннатты, кесір амал жасап, күпірлікке бой алдырғандарды жаза ретінде тозақты дайындағанын аяттарында соқырға таяқ ұстатқандай етіп баяндаумен қатар, о дүниеде пендеге әділ баға беретіндігін айтады: «Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанғандар үшін Раббыларының дәргейінде (қисапсыз һәм көз көріп, құлақ естімеген нығметтерге толы) жәннат бақшалары бар. Біз Аллаға шын жүректен мойынсұнғандар мен күнәға белшесінен батқан азғындарға бірдей қараймыз ба?! Сендерге не болған, қалай-қалай үкім шығарасыңдар?!» («Қалам» сүресі, 34-36 - аят).

 

Демек, Алланың әділдігіне күмән жоқ, пендеге жасаған амалына қарай әділ бағасын беретіні хақ. Аятта бұл анық айтылады: «Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» («Әнбия» сүресі, 47-аят).

 

«Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман. Негізінде Алла көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркім жасаған табысын алады. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды»(«Жәсия» сүресі, 21-22 - аяттар).

 

Хазіреті Пайғамбарымыз да бұл мәселеде көптеген хадис айтып кеткен.

 

«Ант етемін, қиямет күні бүкіл хақтар міндетті түрде иесінеқайтарылады. Тіпті мүйізсіз бір қой үшін мүйізді бір қойдан қысас жасалып өш алынады» (Сахих Муслим риуаяты).

 

«Кімніңқолында дін бауырының намысына яки малына қандай да бір жолмен жасалған жәбірлік, зұлымдық және ақысы өткен болса, динар мен дирхам (алтын мен күміс ақша) болмайтын күн келмей тұрып кешірім алсын. Егер залым адам кешірім алмастан өлсе, оның жақсы амалы болса жасаған зұлымдығы мөлшерінде жақсы амалы алынып жәбірленушіге беріледі. Егер оның жақсы амалы болмаса, жәбірленушінің күнәларын алып, залымның мойнына іледі» (Сахих Бухари риуаяты).

 

Бұл дүние пәни, о дүние бақи. Бақилық өмірге сенген адамда ұлы жауапкершілік болады. Мысалы, бастықтың алдына есеп беруге дайындалған қызметкер мен көшедегі бір адамның сол кездегі ішкі сезімін салыстыру мүмкін емес. Бірі аласұрып не айтып, не қоям, қалай болады екен деген сезіммен алып-ұшып тұрса, екіншісі ештеңеден хабарсыз, түк болмағандай жайбарақат күйінде тұрады. Міне, сол сияқты ақыретке иман еткен адам о дүниеде істеген ісі үшін Алла Тағала алдында есеп беретіндігін білгендіктен, бұл өмірде ойына келгенін істемесі анық. «Бұл өмірден өткен соң, екінші өмір жоқ, бәрі бітті, шіріп жоқ боламыз», - деген өзін алдайтын жылтыр қағиданы ұстана алмайды. Ал Құран аяттары әлгіндей бос қағидалардың бірден тамырын шауып тастайды: «(Ақиретті жоққа шығаратын кәпірлер): «Біздің тіршілігіміз осы дүниедегі тіршілікпен ғана шектеледі. Біріміз өлеміз, біріміз өмір сүреміз, енді біріміз дүниеге келеміз. Бізді тек замана ағымы ғана біржолата құртып, жоққылады», &ndash деп көкиді. Десе де, бұл мәселеде олардың ілімі жоқтыңқасы. Олар өздерінше солай тон пішеді, одан басқа түк те емес. Оларға ақиреттің хақ екеніне қатысты айқын аяттарымыз ашық түрде оқылғанда, олардың айтқан бар уәждері: «Егер айтқандарың рас болса, қане, ата-бабаларымызды (көрлерінен тірілтіп) әкеліңдерші, көрейік», &ndash деу ғана болған еді. Ендеше, оларға: «Сендерге өмір сыйлайтын, содан кейін жандарыңды алатын һәм содан соң орнайтындығында еш күмән болмаған қиямет күні бәріңді қайта тірілтіп, (ғарасат майданына) жинайтын бір Алла», &ndash деп, айт. Алайда, адамдардың көбі осынау ақиқатты білмейді. Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі мен шексіз иелігі бір Аллаға тиесілі! Қиямет-қайым орнайтын күні, иә, дәл сол күні жалғанның сойылын соғып, ақиқатты жоққа шығарып жүргендер орасан зор зиянға ұшырайды» («Жасия» сүресі, 24-27 - аяттар).

 

 

Смайыл СЕЙТБЕКОВ

mazhab.kz

 




Көрілген: 970    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қараша, 15:37
    Қырық жастың дұғасы
    26 Қараша, 19:00
    Мұсылманша түс жору
    24 Қараша, 12:46
    Нарды ойнау харам ба?
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30