Ислам діні

"Ол дұрыс емес": Имам Алтынай Жорабаеваның әрекеті жайлы пікір айтты

  • "Ол дұрыс емес": Имам Алтынай Жорабаеваның әрекеті жайлы пікір айтты

Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мешітінің бас имамы Мейіржан Рахматуллаұлы танымал адамдардың кей әрекеті дұрыс емес деп сын айтты. Әсіресе, өз дүниесін мақтан етіп көрсетудің ерсі әрекетін екенін айтады.

Бұл туралы Express К сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Көпшілікке белгілі әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрып, Әлішер есімді азаматын көпке таныстырған еді. Әнші мұсылман жолында некелесіп,  қыздарымен бірге бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Әнші бір жазбасында мәһірге көлік сұрағанын айтқан еді. Кейіннен күйеуі су жаңа көлік сыйлады. Мұны көпке жария етті. Желі қолданушыларының бірі құтты болсын айтып жатса, енді бірі қарсы пікір жазып жатты. 

Мәһірдің құны қанша болуы керек? Оның есебінен қымбат көлік, үй, iphone сұрау дұрыс па? Мұны көпшілік алдында жария ету қаншалықты ақылға қонымды? Бұл сұрақтарға имам жауап берді. 

“Мәһірге көлік, үй, қымбат зат сұрау шариғатта дұрыс емес. Қалыңдық күйеуінің жағдайына қарау керек. Жолдасы мәһір үшін қарызға бататындай болмауы керек. Сол үшін кей жастар ажырасып кетіп жатады. Қыз ренжімейтіндей, жігітке ауырлық түспейтіндей болу керек. Әйелге өзінің әкесі немесе анасы жағынан жақын туыстарына берілгендей мәһір берілуі керек”, – деді Мейіржан Рахматуллаұлы.

Имамның айтуынша, мәһірге шамасы жетпесе, оны бір бөлігін алып кейін, қалғанын алуға да болады. Алайда міндетті түрде берілуі керек. Бұл қалыңдықтың құны емес, бұл қалыңдыққа берілетін сыйлық деп түсіндірді. 

“Мәһірдің ең төменгі бағасы 10 дирхам. Қазіргі ақшаменалғанда 60 мың теңге болу керек”, – деді бас имам.




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 15:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:25
    Жұмақтың не керегі бар?
    21 Қараша, 19:55
    ТӘУБЕ ҚЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ
    19 Қараша, 01:03
    Әке-шешемді сатамын...
    16 Қараша, 15:54
    ӘУРЕТТІ ЖАБУ ДЕГЕН НЕ?
    11 Қараша, 10:51
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша, 19:42
    Күнә және сауап
    4 Қараша, 16:02
    ӘУЛИЕ БОЛУ ОҢАЙ МА?
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31