Ислам діні

"Олардың ұраны - жалған": Сириядан оралған қазақ қызы жан сырын ақтарды

  • "Олардың ұраны - жалған": Сириядан оралған қазақ қызы жан сырын ақтарды

Әсем (есімі өзгертілген) отанын тастап, Сирияға күйеуінің соңынан екі баласымен аттанған. Олардың сапары барғанан кейін түсінікті болыпты. Бірнеше айдан соң әскери қақтығыс кезінде жолдасы қайтыс болып, келіншек екі баласымен бөтен елде жалғызсырап қалған. "Настоящее время" Әсемнен алған сұхбатын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Әсем - ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы барысында отанына оралуға мүмкіндік алған қазақстандықтың бірі.


Әйелдің сөзінше, Сирияға ол жолдасымен бірге аттанған.


"Ол жақта Құранда жазылғандай халифат болады деп ойладым. Бірақ біз күткендей болған жоқ. Ол жаққа барғаннан кейін, қашып құтылу мүмкін емес екенін ұғындық", - деді Әсем.

Оның сөзінше, Сирияға аттану туралы жақындарына айтпаған. Ол ата-анасы жібермей қояды деп санағанын жеткізді.


Әсемнің күйеуіне деген махаббаты бәрінен жоғары болыпты.


Өкінішке орай, бірнеше айдан кейін оның күйеуі әскери қақтығыс кезінде қайтыс болыпты. Әсем оқиғаның қалай болғанын білмейді.


"Ол шекараға барып, сол жақта қайтыс болды. Сирияда әйелдерге өлімнің неден болғанын айтпайды", - деп есіне алды ана.

Әсемнің сөзінше, көбісі туған жеріне қайтуды армандамайды екен. Ол ұрыс алаңынан қашып кеткендерді өлім жазасына кесетінін жасырмады.


Біршама уақыттан соң Әсем шариғаттың барлық заңдарын сақтап, тұрмысқа екінші рет шықты. Ол күйеуінен екі баланы өмірге алып келді. Осылай Сириядағы өмірі төрт жылға жалғасты.


"Біз жолсеріктерге ақша беріп, күрттер лагерьіне жетіп алдық. Ол жерде ата-анамызбен байланысқа шығудың сәті түсті", - де Әсем.


Туған жерде олармен психологтар мен социологтар жұмыс істеуде. Ал оның күйеуін жасаған қылмысы үшін тергеуде.


Асем өзінің күйеуін күтетініне сенімді.


"Онда өмірді идеализациялаудың қажеті жоқ. Экстремистерді идеализациялаудың қажеті жоқ. Сирияға барған адам үшін қайтарға жол жоқ.

Олардың ұраны - өтірік. Ол жақта дін емес, саясат рөл ойнап жатқан. Сеніп қалатын біз сияқты адамдарды пайдаланады", - деп сөзін түйіндеді Әсем.



 




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 14:30
    Көз тиюге қарсы дем салу
    24 Қараша, 18:02
    Рия деген не?
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31