ӨЛІМ КЕЛМЕЙ ТҰРЫП ТӘУБЕ ЕТУГЕ АСЫҒЫҢДАР!

ӨЛІМ КЕЛМЕЙ ТҰРЫП ТӘУБЕ ЕТУГЕ АСЫҒЫҢДАР!

Бір салих адам тігіншіден, Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала құлының тәубесін жаны алқымына тығылмайынша қабыл алады деген хадисі хақында не айтасыз?» - деп сұрады:

 

-Иә солай. Сенің мамандығың не?

 

-Тігіншімін,киім тігемін.

 

-Тігіншілікте ең оңай нәрсе не ?

 

-Қайшыны алып матаны кесу.

 

-Бұл жұмыспен неше жылдан бері айналысып жүрсің ?

 

- Отыз жылдан бері.

 

-Жаның алқымыңа келген кезде,мата кесе аласың ба?

 

-Жоқ, кесе алмаймын.

 

-Ей, тігінші! Біз аз уақыт қиналып, үйреніп, отыз жыл істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш істемеген тәубені қалай істейсің? Қазір күшің жетіп тұрғанда тәубе ет! Әйтпесе, ақтық демде истиғфар мен иманмен жан тапсыру нәсіп болмауы мүмкін...Сен ешқашан: «Өлім келмей тұрып тәубе етуге асығыңдар!» деген сөзді естіген жоқсың ба?. Сонда тігінші ықыласпен тәубе етіп,салихтардың қатарына қосылды.

 

Осы қиссадан байқағанымыздай, пенденің алдында мың түрлі дүние мен нәпсінің орлары бар, осылардың ең қауыптісі - шынайы тәубені үнемі кейінге қалдыру. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер! Аллаға шынайы тәубе етіңдер. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі»-дейді. Міне осылайша Алла Тағала біздерді тәубе еттім деп жай ғана сөзбен емес іс жүзінде шынайы тәубе етуге шақырады. Кезінде Өгдүлміштің текке өткен тірлікке ашынып, тәубесіне келгендігін жырлаған Жүсіп Баласұғын:

 

Бар жарамсыз қылығымды тастадым,

Көңілімді тез тазарта бастадым!

Тәубе қылып ,тілек тілеп,жүгіндім,

Тәңіріне кешірім сұрап бүгілді.

Көп адамды қас қып алдым шіреніп,

Көңілдерін хош қылайын түзеліп.

Кісіге көп тигіздім тіл,қолымды,

Құзыр сұрап табайын оң жолымды.

Кісілерді көп қорладым,басындым

Енді өзімді айыптайын, ақылдым!

Хақтан безген күнәһармын, наданмын,

Күллі күнә, кінә көмген хараммын.

Бүгін Оған тәубемен мен барайын,

Иемнен мен мұрат тілеп қалайын.

Тәубе етейін ,жаным бойдан ұшқанша,

Мұрша бермес,өлім тұтса мыстанша.

Ажалды ойла,Алланы ойла тіріңде,

Өлім тұтса, опынарсың түбінде.

Жігіттікте қызмет ет, қайраттан,

Қарттық келсе, қаларсың күш, айбаттан.

Өмір барда мекерліктен қашарсың,

Өлімді ойлап, тірлік қамын жасарсың.

Өлім келмей, ояу, сақбол қалайда,

Өлім жетсе, амал болмас, абайла!» - дейді.

 

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бұйырған : «Ей,адамдар! Аллаға тәубе етіп ,Одан кешірім тілеңдер! Өйткені, мен Оған күнде жүз мәрте тәубе қыламын» Алла Елшісі бұрынғы және келешектегі бүткіл күнәлары кешірілгеніне қарамастан, әрдайым тәубе жасап, истиғфар етуі Алла Тағаланың өзіне берген нығметтеріне білдірген шүкірі әрі үмбетіне көрсетіп кеткен тағылымы еді. Әрбір құлдың ең маңызды міндеті Алланы зікір етіп, Оған ғибадат жасау екендігін жақсы білетін Пайғамбарымыз Раббысына көп құлшылық жасайтын, әрі бос уақыттарын тәубе қылып, истиғфар етумен өткізетін.

 

Ибн Омар( р.а) былай дейді: «Біз Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір отырғанда жүз мәрте : Роббиғфирли Уә туб аләй иәиннәкә әнтәт тәууабур рохим». «Алла Тағалам! Мені кешір және тәубемді қабыл ете гөр! Өйткені, Сен тәубелерді көп қабыл етушісің әрі өте рақымдысың» деп айтқанын санайтын едік.

 

Хазрет Баязид Бистами дәрі жасайтын бір дәрігерге келіп :

 

Әй дәрігер! Менің сырқатыма дәрі табылады ма? - деп сұрады.

 

Дәрігер:

 

- Сырқатың қандай еді? - деді.

 

- Күнә сырқаты,- деп жауап берді. Дәрігер қолын қусырып:

 

- Мен күнә сырқатының дәрісін білмеймін, - деді. Сол кезде ақылында кемістігі бар бір жас жігіт сөзге араласып:

 

- Әкей сенің сырқатыңның дәрісін мен білемін, - деді. Сырқатына дәрі тапқанына қуанған Хазрет Баязид одан:

 

- Ей, жас жігіт! Қандай дәрі ол?-деп сұрады. Халық оны жынды деп ойлап жүргенімен негізінде бір ариф (Алланы шынайы танушы) саналатын әлгі жігіт күнә сырқатының дәрісін былай деп айтып берді: «Он дирхам тәубе тамыры мен он дирхам истиғфар жапырағын аласың. Оларды жүрек деген ыдысқа саласың. Сосын оларды таухид тоқпағымен тоқпақтап үгітесің. Сосын ынсап елегінен өткізесің. Одан кейін көз жастарымен илеп, ашыт та, махаббат пен өкініштің пешіне салып пісір. Осылайша ,пайда болған дәріні күніне бес қасықтан ішіп тұр. Ауруыңнан ешқандай із қалмайды...»

 

Осыларды тыңдап тұрған Баязид Бистами бір күрсініп алып: «Сен сияқты ариф құлдарды жынды деп өздерін ақылды санайтындарға қандай өкінішті...» - деді.

 

Қателеспейтін, кемшіліксіз пенде жоқ. Дегенменде, адам баласы тәубе мен истиғфарын аузынан тастамай, әрі салих амалдар істеуі керек. Алла Тағала барша мұсылмандарға тәубе етіп,салих амалдар істеуімізді нәсіп етсін.

 

mazhab.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста