Ислам діні

ӨМІР БІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ ЕМЕС

  • ӨМІР БІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ ЕМЕС

    ӨМІР БІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ ЕМЕС

Екі періште жолға шығыпты. Бірінші күні жолаушылар бір байдың үйіне түседі. Бірақ бұл отбасы аса қонақжай болмай шығады. Олар екі жолаушы-періштені қонақ бөлмеге жатқызбай, жертөлеге қонуға рұқсат етіпті. Төсектерін салып, енді жатайын дегенде періштелердің үлкені қабырғадағы тесікті көріп, оны бітеп тастапты. Кішісі неге олай істегенін сұрайды.

Сонда үлкені:

&mdash Өмір біз ойлағандай емес, &mdash деп жауап қатыпты.
Келесі күні олар ыңыршағы шыққан кедейдің үйіне түнейді. Бірақ үй иесі өте қонақжай екен, әйелі екеуі кешкі астарын періштелермен теңдей бөлісіп жейді. Жайлы жатасыздар деп өз төсектерін босатып береді. Ұйқыларын қандырып тұрса, ерлі-зайыптылар қатты қайғырып, жылап отыр екен. Сөйтсе сүтін сатып, содан табыс көріп отырған жалғыз сиыры өліп қалыпты. Сонда кіші періште үлкенінен сұрапты:

&mdash Қалай болғаны бұл? Бірінші үй бақуатты болса да сен оларға көмектестің. Мына бейбақтар аузындағысын жырып, барымен бөлісті. Ал, сен олардың жалғыз сиырының өліп қалуына жол бердің&hellip

&mdash Өмір біз ойлағандай емес, &mdash деп жауап береді ересек періште. &mdash Біз жертөледе қонған кезде қабырға тесігінде олжа барын білдім. Онда көп алтын көмілген. Ол үйдің қожайыны бізді жөндемді күтіп алмаған соң, сол алтынды тауып алмасын деп тесікті бітеп тастадым. Келесі түні жатар кезде жарлының әйелінің жанын алмаққа Әзірейіл келді, бірақ мен оған сиырды бердім. Өмір біз ойлағандай емес. Біз бәрін біле бермейміз. Тіпті сенімі бола тұра, пенде не нәрсенің де оның игілігі үшін жасаларын түйсіне бермейді. Оны уақыт өте келе ғана түсінеді.

mazhab.kz




Көрілген: 2601    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31