Ислам діні

Ораза айт тарихынан бірер сөз

  • Ораза айт тарихынан бірер сөз

    Ораза айт тарихынан бірер сөз

Ислам дiнiнiң алғашқы уағынан бастап айт мейрамына бала-шаға, ел-жұрт түгел жиылып, Алла Елшiсiнiң (с.ғ.с.) мерекеге арналған үгiт-насихаттарына, өсиеттерiне құлақ түретін. Мерекеге арналып өткiзiлетiн түрлi iс-шараларды халық болып бірге тамашалайтын. Тәттi тағам жеудi Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де ұнататын. Ол кісі ораза айтқа ең болмағанда бiр құрма жеп шығатын болған.

990-991 жылдары Бағдат қаласында ораза айт мерекесіне арналып ұзындығы 150 метр дастарқан жайылып, тәттi тағамдармен толтырылып, ха-лыққа ұсынылған.

Ал, Аббасилер Х ғасырда Ислам мерекелерiн насихаттау үшiн, әсiресе Византияға көршiлес Тарсус және Аусым секiлдi қалаларда ислами мейрамдарды өте жоғарғы деңгейде өткiзiп отырған.

Фатимиттер айтты «йд әл-Хуләл», яғни «киiм мерекесi» деп атайтын. Өйткенi халифа жұртты мерекемен құттықтау үшiн сарайдан мешiтке дейiн әдемi киiнген сарай нөкерлерiн жолдың екi жағына тұрғызып, өзi тамаша киiнiп, жолмен жаяу баратын болған. Халифаның артында тамаша керуен, онда безендiрiлген пiл, оның үстiнде бiр сарбаз отыратын.

Халифа Әзиз Билләһтің (976-996) кезiнде «Дар әл-Фитра» деп аталатын тек тәттi тағамдар жасайтын асхананы ережеп айының ортасынан бастап iске қостыратын. Ол асхана ораза iшiнде ауызашарға көптеген тапсырыстар орындайтын. Айт намазынан кейiн халифа үлкен дастарқан жайып қонақ күтетiн. Ол қонаққа Каирдағы басқа дiн өкiлдерi де шақырылатын.

Мұсылманшылығы өркендеген бүгінгі Түркия елінде «шекер» дейтiн тәттi тағам ораза айтқа арналып дайындалады екен. Сондықтан да Рамазан айт мерекесiн олар тағамның атымен «шекер байрам» деп те атап кеткен.
Қазақ елі де өзге мұсылмандар секілді айт мейрамына арнап дастарқан жаяды. Ата-бабамыз ысырапқа бармай айттап келушi қонақтарға құрмет көрсетуді мұсылмандық іс деп білген.

Қонақжайлылық – халқымыздың әдет-ғұрпы тұрғысынан да, шариғат тұрғысынан да ең маңызды қасиеті. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаға және қиямет күнiне сенетiн кiсi қонағын жақсылап күтсiн», – дейді. Тағы бiр хадисінде дұғасы қабыл болатын үш кiсiнiң бiрi қонақ екенін айтып өткен. Ал, халқымыз «Мейманды қарсы ал, Қыдырына жолығасың», – деген даналық сөз қалдырған.

Айт мейрамында ата-аналарымыздың, науқастардың, туған-туыстардың хал-жағдайын сұрап бару – үлкен сауап iс. Алла Тағала қасиеттi Құранда: «Аллаға сыйыныңдар, оған ештеңенi теңестiрмеңдер, ата-анала-рыңа, туыс-туғандарыңа, жақын көршi (дiндегi туыстығы бар көршi), бөгде көр-шiге (жай ғана көршi), жан жолдастарыңа (бiрге жұмыс iстейтiндеріңе), мүсәпiрге, қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар», – дейді («Ниса» сүресi, 36-аят). Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ата-ана разы болмай, Алла Тағала разы болмайды», – деген. Олай болса, айт күндері ата-анаға қошемет көрсетiп, разылығын алу қажет-ақ. Ал, бақилық болғандарға Құран оқылып, сауабы бағышталады.

Айт күндері бала-шағаға сыйлық, жаңа киiм-кешек сыйлау, көрiктi орындарды аралатып қыдырту жақсы амал. Сол арқылы бала мұсыл-маншылыққа тәрбиеленеді.

Әр қоғамда ерекше көңiл бөлудi, жылы қабақ танытуды қажет ететiн жандар бар. Жетiм-жесiр, тағы да басқа мұқтаж кісілерге айт мей-рамдарында көңiл бөлу – мұсылмандардың мiндетi. Өйткенi, олар көмекке, жылы сөзге аса зәру. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жетiмге қарайласқан кiсi менiмен жәннатта мына екi саусақтай бiрге болады», – деп ортаншы және сұқ саусақтарын көрсеткен. Жетiмдер секiлдi жесiр әйелдер мен кедей мiскiндерге де көмек беру сауапты iстерден. «Жесiр әйелдiң және кедейдiң бiр күндiк нәпақасы үшiн жүгiрген мұсылман Алла тағала жолында соғысқан мұжтаһид сияқты. Немесе түнiмен намаз оқып, күнi бойы ораза ұстаған кiсi тәрiздi», – дейді Алла елшісі (с.ғ.с.).

Оразаның нәтижесімен жанашырлық, мейiрiмдiлiк деген қасиеттерді бойына да-рыта бiлген мұсылманға айт күнi пiтiр садақа беру міндеті жүктеледi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пiтiр садақа ораза ұстағанның айтқан пайдасыз сөзiнiң, басқа жағымсыз амалдарының ластығынан тазалаушы және мұқтаждарға азық ретiнде берілуі уәжiп етілдi», – дейді (Әбу Дәуіт риуаят еткен). Демек, пiтiр садақа Рамазандағы ғибадаттардың сауабын толықтыру үшiн берiледi. Бұл хижраның екiн-шi жылында мұсылмандарға оразамен қатар жүктелген амал. Сондықтан мереке күнгi садақаларымызды шын көңiлмен берiп, өзгеге жәрдемдесу мұсылманға ортақ іс. Қасиеттi Құранда: «…Қайырдан не iстесеңдер, Алла оны күдiксiз бiледi», – делiнген («Ниса» сүресi, 127-аят). Демек, қандай жақсылық жасасақ та, ол сауапсыз қалмайды. Олай болса, айт мерекелерінде сауапты амалдарды арттырсақ, нұр үстіне нұр болмақ. (Мақала қысқартылып алынды!)


Бақтыбай Қыдырбайұлы,
ҚМДБ Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі
 




Көрілген: 1890    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 00:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31