Оразада ауырмаудың 5 жолы

Оразада ауырмаудың 5 жолы

Медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен жоғарғы білікті дәрігер Нұрғайша Нәукенқызы ораза кезінде адамның қалыптасқан күн тәртібі өзгергендіктен, әсіресе, жасы ұлғайғандар және созылмалы ауруы бар адамдар  қосымша аурулармен ауырып қалуы мүмкін екенін айтады.

 

Ораза ұстаушылар көбінесе тұмау, өкпе қабынуы, ағзаның ас қорыту  қабілетінің бұзылуы сияқты ауруларға шалдығады. Мұның алдын алу үшін созылмалы ауруы бар адамдар, негізінен, ораза алдында дәрігерден мұқият тексерістен өтуі керек, – дейді ол.

 

 Н.Нәукенқызы ұсынған Рамазан айында аурудың алдын алу жолдары мен ораза кезіндегі тамақтану тәртібі төмендегі кестеде көрсетілген.

 

·         Ораза кезінде аурудың алдын алу

 

·         Мейлінше алыс жолға шықпау керек

 

·         Ораза  талабына сәйкес тазалыққа жан-жақты көңіл бөлу керек

 

·         Күн суытқан кезде жылы киініп, желден ықта жүрген дұрыс.

 

·         Ыстық кезде күн көзі қатты қызбай тұрғанда серуендеу керек, ол уақыт –  сағат күндізгі 10:00-12:00 мен кешкі 16:00-19:00

 

 

Ораза кезіндегі тамақтану тәртібі:

 

-          Тағам қабылдау уақытын өткізіп алмау (ауызашарды уақытылы ішу, сәресіге ояну)

 

-          Жейтін тағам тазаланған, іріктелген, қайнатып, жаңа пісірілген болуы керек.

 

-          Қуырылған, ащы, сірке суы және майонез, кетчуп қосылған тағам, газдалған сусындарды қабылдауға болмайды.

 

-          Ауызашарға барғанда  тағамды өз талғамыңызбен мөлшерлеп жеуге тырысыңыз.Көбінесе пісірілген тағамды қабылдаңыз.

 

-          Егер ауру белгісін сезсеңіз, жедел түрде дәрігерге көрініңіз

 

-          Сусын мен суды тамақтан кейін ішу керек және суды молынан ішкен жөн.

 

 

Бұдан бөлек, дәрігер-маман негізгі тұтынатын тамақтар қатарына жақсы пісірілген сиыр, жылқы, тауық еті, балық, таза жеміс-жидек, сүт тағамдары (ірімшік, айран, сары май), сорпа, дәнді дақылды ботқаларды жатқызады. Сондай-ақ, тағамды жегенде асықпай, әбден шайнап, мөлшермен жеген дұрыс дейді.

 

Ал «ораза ұстап жүріп ауырып қалған адам не істеуі керек?» деген сұраққа «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Берікбол Жанақ жауап берді.

 

ОРАЗА – ПАРЫЗ ҒИБАДАТ БОЛҒАНЫМЕН, ДЕНСАУЛЫҚ ТА – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН АМАНАТЫ. ОҒАН ҚИЯНАТ ЖАСАУҒА ШАРИҒАТ ЖОЛ БЕРМЕЙДІ.

 

Ораза ұстап жүрген адам ауырып қалса, ең алдымен маманға, яғни, дәрігерге қаралуы керек. Шариғат бойынша, дәрігердің көмегіне жүгініп, сырқатының деңгейін анықтап, емдеу шараларын тағайындайды. Дәрігер науқас адамның ауруына ораза ұстау зиянын тигізбейді десе, оразасын жалғастыруы тиіс.

 

Егер де дәрігер пациенті дәрі-дәрмектерін ауызашардан кейінгі уақытта қабылдауға рұқсат десе, оразасын жалғастыра бергені абзал. Болмаса оразасын құлан-таза айыққанша тоқтата тұрып, кейін басқа айларда, мейлінше ертерек қазасын өтеуі қажет. Себебі, ораза – парыз ғибадат болғанымен, денсаулық та – Алланың берген аманаты. Оған қиянат жасауға шариғат жол бермейді.

 

Сондай-ақ, оразадан босатылған адамдардың бірі – ес-түссіз күйдегі науқас адам. Яғни, комоға түскен, талып қалып, есін жоғалтқан адамдарға ауруынан айыққанша ораза парыз емес. Егер аузы берік күйде есін жоғалтса, сол күнгі оразасы және ақыл-есі орнына келгенге дейінгі күндері қаза ретінде есептеліп, кейін қазасын өтейді.

 

Осы жерде бір айта кететін жайт, Рамазан айында дертке шалдығып, оразасын қаза еткен адам, кейін сол күндерін бөліп-бөліп немесе бірнеше күн қатарынан ұстаса да болады. Бастысы, Аллаға иман келтірген мұсылман баласы оразасының қазасын ертерек өтеуі тиіс.

 

 

 

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста