Ислам діні

ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ

  • ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ

    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ

Ораза дұрыс болуының басты шарты – ниет ету. Оразаға күн батқаннан бастап, таң атқанға дейінгі уақыттарда ниет ету абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:

  مَنْ لَمْ يُبَيِّتْ الصِّيَامَ مِنْ اللَّيْلِ فَلا صِيَامَ لَهُ

«Кім оразаға түннен бастап ниет етпесе, оның оразасы жоқ»[1] - десе, тағы бір хадисінде:  

مَن لَمْ يَجمع الصِّيَامَ قَبْلَ الفَجْرِ فَلَا صِيَامَ لَهُ

«Кім оразаға таң атпай тұрып ниет етпесе, оның оразасы жоқ»[2] - деп, ораза ұстаушыға ниет етудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырып, әрі түннен таң атқанға дейінгі уақыттарда ниет ету керектігін меңзейді.

Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айы және уақыты белгіленген серт оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе болады. Ал, рамазан оразасының қазасы, уақыты белгіленбей, жалпы серттелінген ораза, кәффарат, бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза түрлеріне түннен ниет етілуі қажет.

Сондықтан Рамазан айының оразасына таң атқанша қандайда бір жағдаймен ниет ете алмай қалса, яки ұйықтап қалған болса Ханафи мәзһабымыз бойынша сәске уақытына дейін ниет етуге рұқсат. Себебі түстен кейінгі ниет күннің екінші жартысына ғана ниет еткен болып саналады да, ораза дұрыс болып есептелмейді.

Оразаға ниет ету жүрекпен болады. Ниетті тілмен айту шарт емес. Сәресіне тұру, тұрамын деп ниеттеніп жатудың өзі ниет еткен болып саналады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:  

إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ

«Амалдар ниетке байланысты»[3] - деген. Демек ниетсіз ораза дұрыс болып саналмайды. Рамазан айының оразасын әр күнге жеке-жеке ниет ету қажет.  

Ниет – ораза ұстағанда азу үшін, я болмаса жәй ұстап көрейін, зияны жоқ қой деп, немесе дәрігерлердің айтуымен денсаулыққа байланысты диета ұстау мақсатында емес, Алланың парыз еткен оразасының сауабын үміт етіп, парызды орындау үшін екендігін нақтылаумен болмақ.

 




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30