"Өрескел қателіктер жіберіп жатыр": Дінтанушы Нұрлан имамға қатысты халыққа ескерту жасады

24 желтоқсан 2022, 18:58

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы елге қате насихат айтып жүр. Бұл туралы дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz. 

Дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлы елге қате насихат айтып жүргенін мәлімдеді.  

“Желіде тікелей эфирге қосылған едім. Бұл тақырыпты көтеру ойымда болған жоқ. Бірақ, кешелі бері менен Нұрлан имам туралы көп сұрап кетті", - дейді дінтанушы  Қабылбек Әліпбайұлы. 

Айтуынша, Нұрлан имамның қате жеткізген ақпараттары өте көп екенін айтып, мысал келтірді.

"Қыз бала ажырасқаннан соң екінші адамға тұрмысқа шыға беруіне бола ма?" деген сұраққа "Өзі "айырылысты" деп аты айтып тұр ғой. Шыға берсін. Күйеуің жаман ойлап қалмас үшін бір етеккірің кеткенше күте тұр" деп жауап берген. Шариғат бойынша олай емес. Бір талақ бергеннен кейінгі уақыт "қайтарып алу" кезеңінде деп есептеледі. Күйеуі 3 айға дейін (3 етеккірі тазарғанға дейін) қайтарып ала алады. Бірақ, бір талақ түскен болып есептеледі. Болашақта да ашуға беріліп қалып, тағы да талақ айтса, ол кезде де процесс осылай жүреді. Үшінші талақ кезінде де 3 ай күтіледі. Әйел кісі 3 етеккірін күту керек. Содан кейін ғана "басы бос" болып есептеледі. Егер, келіншектің аяғы ауыр болса, бала босанғанға дейін оған ешкім сөз айта алмайды, ешкімге тұрмысқа шыға алмайды. Шариғат бойынша осы сынды дүниелер бар. Ол әркім айта беретін мәселе емес. Ол біреудің тағдыры. Оны өте жеңіл етіп, және оны өте қатты айтқан жерлерін айтып отырмын. Ол кісі өкінішке орай осындай көп өрескел қателіктерді жіберіп жатыр”,  - деді дінтанушы. 

Сондай-ақ, "Ол кісі имам болса, уағызын айтуы керек. Бірақ, пәтуә мәселесіне кірісуге болмайды", - деп атап өтті Қабылбек Әліпбайұлы. 

Caravan.kz.