Ислам діні

ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН

  • ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН

    ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН

Үш жүзді аузына қаратып үлкен абыроймен күн кешкен Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде, ел ішіндегі дауларға көп араласпай Құран кәрімді, діни кітаптарды көп оқып оңаша жатады екен. Қоржын-қоржын кітаптарды ақтарып, кейде көзінің жасы сақалын жуып жылап алады, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге ештеңе айтпай қыр асып қыдырып кетеді екен. Сондай шақтардың бірінде оған ауыл сыртында жолығып қалған Қазыбек би:

- Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? &ndash деп сұрайды.

- Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, - деп жауап қайырады қарт баба. Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалады. Сонда абыз былай дейді:

- Түсінбегеніңді біліп тұрмын, өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза күйінде келеді. Өсе келе әрнені көреді, әрнені естиді, жақсыға да, жаманға да бой ұрады. Баяғы пәктігін жоғалтады. Жас ұлғайып қым-қуыт, қызыл-жасыл дүниенің қызығы басылған соң баяғы адал күйіне қайта оралады. Мен қазір қартайдым. Су жорғаны мініп көрдік, сұлу әйелді құшып көрдік, өзен судай тасып та көрдік, өткел бермес дариядан асып та көрдік &ndash бәрі жалған екен. Енді маған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнәдан пәк адал жүрегім керек. өзімді іздеп жүрмін дегенім осы.

mazhab.kz




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31