Бірақ жиында көтерілген мәселеге көпішілік сыни пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының тәртіп сақшылары дін өкілімен кездесіпті. Талықаланған басты мәселе - жемқорлық.
Бастапқы тараған жазбада кездесудің тақырыбы "Пара алу да, беру де — күнә" делінген. Бірақ бұл ақпаратты департамент кейін алып тастап, басқарманың Instagram парақшасында жиын жайлы басқаша мәлімет берді.
instagram.com/upkz2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытын нығайту мақсатында Қызылорда қаласы ПБ бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "ПАРА АЛУ ДА, БЕРУ ДЕ — ҚЫЛМЫС" атты "Ақмешіт — Сырдария" мешіттің наиб имамымен кездесу өткізді, — деп жазылған ақпаратта.
Ал желі қолданушылары молданың уағызы полицейлерге пайдасын тигізетініне күманданғандай пікірлерін жазды.
"Бұларға пара алмау күнә шығар қайта", "Мұны жаңадан келген қызметкерлерге айтпаса, бұрыннан келе жатқандар қорықпайды-ау", "Мұндай жерге дін өкілдерін араластырмау керек", — деп жазды пікір білдірушілер.