Пайғамбар жасаған екі ғаламат

Пайғамбар жасаған екі ғаламат

Бадре жанында мұсылмандар мен пұтқа табынушылар арасында соғыс өрті тұтанғанда Мұхаммед Пайғамбар бір уыс топырақ алып: «Түрлерің бұзылсын» деп шашып жібереді. Ұрысқа мыңнан аса пұтқа табынушы қатысып жатқан. Бәрінің көзіне Пайғамбар шашқан топырақ түсіп кетеді. Олар көздерін уақалап, қашып құтылған екен.

Осындай жағдайды Хұнайна қасындағы ғазауатта да қайталайды. Хадистің бір нұсқасында Пайғамбар шашқан топырақ пұтқа табынушылардың көзі мен аузына түскені айтылады.

Пайғамбардың бұл ғаламаты туралы қасиетті Құранда да айтылған. Алла Тағала айтады: «Топырақты шашып тұрып, сен шашпадың, Алла шашты» (Құран 8;17)

Яғни пұтқа табынушылар әскерінің көзіне түскен топырақ – бұл сенің құдыретің емес, Алланың құдыреті деген сөз.

Алла Тағаланың Пайғамбарға бұлттарды қалай бағындырғаны туралы

Әл-Бухари мен Мүслім Анас сөзінен жеткізеді: «Пайғамбардың уақытында жаңбыр тоқтап, қатты құрғақшылық тұрды. Жұма күндерінің бірінде Алла елшісі уағыз айтып отырғанда бір бедуин тұрып: «О Алланың елшісі! Біздің малымыз қырылып жатыр, бала-шаға аш. Алладан жаңбыр жаудыруын сұрашы»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз қолын жайып Алладан сұрай бастайды. Аспанда көзге көрінер бұл болмаған-ды. Алланың атымен ант етейін, аспанда бұлт пайда болғанша қолдарын түсірген жоқ, содан соң жабыр жауды. Ол төменге түскенде сақалынан су ағып тұрды. Сол күннен бастап бір апта бойы жаңбыр жауды. Келесі жұмада әлгі бедуин қайта тұрып: «О Алланың елшісі! Біздің үйіміз су астында қалуға шақ тұр, малымыз батып кетіп жатыр. Алладан жаңбырды тоқтатуын сұрашы»-дейді. Сонда Алла елшісі: «О Алла, бізге жаңбыр жіберме, бізді қоршаған маңайға жібер»-деп сұрайды. Алла елшісі қолын қай жаққа нұсқаса да жаңбыр сол жаққа бұрылып жатты. Ал Медине аспаны ашық тұрды. Келесі айда өзен-көл суы мол болып адамдарға жайлы болды»-дейді.

Пайғамбардың көйлегі осындай еді

Абдулла бин Убайдың Пайғамбардан көйлегін өзіне беруін сұрағаны және өзі үшін дұға жасауын өтінгені туралы.

Мұсылмандар жолдан келе жатып, Медине төңірегіне келгенде қатты жел тұрады. Пайғамбарымыз: «Бүгін Мединеде мұнафиқтердің ең үлкені қайтыс болды»-дейді. Яғни жел тұруы соның белгісі болған. Расында да Пайғамбар айтқандай мұнафиқ – Рафа’аттың ұлы Заид қайтыс болған екен.

Мединеге қайтқаннан кейін бірнеше күннен соң Абдулла бин Убай ауырып қалады. Бұл оқиғаны Ибн ‘Аббас былай жеткізеді:

«Ауырып қалған Абдулла Алла елшісін шақырып өзі үшін дұға жасауын, жаназа-намазын оқуын және өзінің қабірінде болуын өтінеді. Осыдан кейін Абдулла шабарман арқылы Пайғамбардан өзі қайтыс болғанда өзіне кигізу үшін оның көйлегін сұратады. Алла елшісі оған өзінің сыртқы көйлегін беріп жібереді. Абдулла ол көйлекті қайтарып, Алла елшісінің денесі тиген ішкі көйлегін сұрайды. Сонда Умар ибн Хаттаб Алла елшісіне: «Көйлегіңді расымен де осы әдепсіз, күнәлі адамға бересің бе?»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Менің көйлегім Абдулланы Алла Тағаланың жазасынан сақтауға жеткіліксіз. Бірақ мен осы көйлектің себеп болуымен мыңдаған адам Исламға келеді деп үмінттенемін»-дейді. Абдулла ибн Убай Пайғамбардан көйлегін сұрап алғаннан кейін Алла елшісі айтқандай мыңдаған мұнафиқ Исламды қабылдайды. Абдулла қайтыс болған соң оның ұлы Алла елшісін жаназа намазын оқуға шақырады. Алла елшісі: «Намаз оқып, жерлеңдер»-дейді. Сонда Абдулланың ұлы тағы да өтініп: «Егер сен жаназасын шығармасаң, бұны басқа ешкім жасамайды. Жауларды қуантып, мені кемсітпе»-дейді. Осыдан кейін Пайғамбар Абдулланың ұлы мен Исламды қабылдап жатқан әлгі адамдар үшін жаназа намазын оқыған деседі. Және Абдулла ибн Убайдың тәубеге келуінің белгілері, Исламды қабылдауының белгілері болған-ды. Пайғамбардың ойы осыған тоқтайды.

Пайғамбар жаназа намазын оқып, Абдулланың қабірінде болғанда Жәбірейіл періште келіп: «Ешқашан бірде-бір мұнафиққа жаназа намазын оқымаңдар және қабірінде болмаңдар»-дейді. Осыдан кейін Алла елшісі мұнафиқтер үшін намаз оқып, қабірлеріне бармаған екен. Бұл осы оқиғаның бір нұсқасы.

Басқа нұсқасында келесі жағдай баяндалады. Алла елшісі Абдуллаға жаназа намаз оқымақ болғанда, Умар ибн Хаттаб: «Неше түрлі жамандық жасаған жауыңа қалай намаз оқуға болады»-дейді Абдулланың жасағандарын тізіп шығып. Сол кезде Жәбірейіл жоғарыда айтылған аятпен келген деседі. Бұдан Абдуллаға намаз оқылмағанын көреміз.

Осылайша бұл аят Умар бин Хаттабтың пікіріне сай түскен екен. Оның пікірне сай түскен бұдан басқа да аяттар бар. Міне Умар бин Хаттабтың мәртебесін көтеретін де осы.

Сол кезде Алла елшісі: «Егер Алла Тағала мені пайғамбар ретінде жібермегенде, О, Умар сені жіберер еді!»-деген екен.

Пайғамбардың Абдуллаға неге жаназа намаз оқығаны немесе оқымақ болғаны жоғарыда айтылды. Ал көйлекті берудің мән-мағынасы, астары жөнінде әр түрлі нұсқа айтылады. Соның бір нұсқасы мынадай. Бадре жанындағы соғыста Аббас тұтқынға түсіп, киімсіз қалады. Аббас бойшаң болғандықтан үстіне шақ келетін көйлек табыла қоймайды. Сол кезде дене бітімі Аббасқа сай келетін Абдулла бин Убай оған өзінікін беріпті. Ал оның орнына Алла елшісі Абдулаға өзінің көйлегін берген деседі.

Екіншіден Алла Тағала Пайғамбарға түсірген келесі аяттары бар:

«Сұрағанның қолын қайтарма». Себеп мүмкін осыда шығар.

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста