ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С) -ЫМЫЗ НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ?
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп:
 
 «Уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді.
 
 Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:  «Сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», - деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) төмендегі жауапты берді:
 
- Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?
 
- Алладан шынайы қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.
 
- Адамдардың ең байы болғым келеді?
 
- Алланың бергеніне шүкіршілік ет, адамдардың ең байы боласың.
 
- Ең әділетті адам болғым келеді?
 
- Өзіңе қалаған нәрсені өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.
 
- Адамдардың ең жомарты болғым келеді?
 
- Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.
 
- Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?
 
- Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың..."деді.
 
 Алла Тағала баршамызды шүкіршілік етуші құлдардан болуды нәсіп етсін!...