Пайғамбардың (с.ғ.с.) басқа адамдардан қандай айырмашылығы бар?

24 қаңтар 2023, 16:05

Құранның өзі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) ең алдымен қарапайым адам екендігі турасында хабар берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

«Оларға: «Раббым кемшілік атаулыдан ада! Мен бар болғаны елші ретінде жіберілген жай ғана адам емеспін бе?» – деп айт» (Исра: 93) және «Мен де сендер сияқты адам баласымын…» (Кәһф: 110)

 

Алайда, пайғамбардың басқа адамдардан айырмасы – адамзат арасынан таңдап алынған Құдай Тағаланың елшісі болуы.

 

Алла оған уахи түсіріп отырды.

 

Пайғамбардың ет пен сүйектен жаралған адам болуы бізге көптеген пайдалы сабақ береді. Мысалы солардың кейбірін атап өтер болсақ:

 

– пайғамбардың көрсеткен, үйреткен және насихат қылған дүниелері кез келген қарапайым адам үшін жасай алатын дүние;

 

– адамдар пайғамбарға табынатындай тәңір немесе құдай емес, ол таңдаулы елші.

 

– пайғамбар барлық адам үшін үлгі және т.б.