Ислам діні

Пайғамбарға тіл тигізіп, өлім жазасына кесілді

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Нигерияның солтүстігінде орын тепкен Кано штатындағы әнші Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тіл тигізгені үшін дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді.

 

Һусаба ауданының жоғарғы шариғи соты үкімінде мәлімдегендей, 22 жастағы Иаһиа Шәріп-Әмин осы жылдың наурыз айында WhatsApp мессенджері арқылы таратқан, күпірлікке шақыратын әні үшін ауыр жазаға тартылады.

 

Иаһиа Шәріп-Әминнің өзі айыбын мойындап отыр. Оған сот жетекшісі Хади Әли Мұхаммед Кани әнші бұл үкіммен келіспесе, шағымдануға болатын мүмкіндігі барын ескертті.

 

Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, Нигерияның солтүстік аймағында мұсылмандар көптеп шоғырланғандықтан зайырлы қоғамға тән заңнамалармен қатар ислам дініндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шариғи сот та қызмет етеді. Шариғи сот тек мұсылмандарға ғана қолданылады.

 

Осы уақытқа дейін көптеген өлім жазасына кесу туралы үкімдер шыққанымен, олардың тек бір ғана өлім жазасы қолданылған екен. 1999 жылдан бері – шариғи сот пайда болған.

 

Ән айтамын басы бәлеге қалған әншінің өзін қатаң күзетпен жасырып қамап ұстап отыр. Ашынған халық оның баспанасын өртеп, шариғи полиция басқармасынан оған ауыр жаза қолдануды талап етуде.

 

Нигериялық әнші өз әнінде сопы тариқатынан шыққан шейхты асыра мақтап, насихаттап, Екі әлем сардарының өзінен жоғары қойған.

 

Әншіге наразылық білдірушілердің арасында айрықша белсенділік танытқан Ыдырыс Ибрагим (фото-суреттегі – ред.) шариғи соттың бұл үкімі өзгелерге сабақ болатынын алға тартып отыр.

 

Енді бар тараптың айтуынша, шариғи соттың бұл үкімі тым қатал. Өйткені, Иаһиа Шәріп-Әмин Адамзаттың асыл тәжін (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) жорта төмендеткен емес, бар айыбы – өзі ұнататын шейхты асыра дәріптеп жіберген.

 

Осының алдындағы шариғи соттың өлім жазасы да осы жағдайға ұқсас болған еді: 2016 жылы Әбдіәзіз Иниас Канода өлім жазасына кесілген болатын – Тижаниа тариқатының сенегалдық тәлімгері Ибрагим Ниассаны Пайғамбардан артық көргені үшін. Алайда, оның өлім жазасы сол күйі орындалмай қалған еді. Шариғи соттың өлім жазаларының арасында тек біреуі ғана жүзеге асқан болатын: 2002 жылы әйел мен оның екі баласын өлтірген қандықол қылмыскер дарға асылған еді.

 

islam.kz




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31