Ислам діні

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) МЫСЫР ПАТШАСЫ МҰҚАУҚИСҚА ХАТЫ

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім, Құран кәрім оқыса қайтарымын Алладан сұрасын. Өйткені, (келешекте) сондай бір топтар келеді! Құран кәрім оқиды және ол арқылы адамдардан бір нәрселер сұрайды». («Сүнән Термизи»)

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мысыр және Александрия патшасы Мұқауқисқа хат жазған. Қасиетті хатта былай делінген: «Рахман және Рахим болған Алланың атымен.

 

Алланың құлы әрі Пайғамбары Мұхаммедтен Қыбти қауымының үлкені Мұқауқисқа:

 

Сәлем тура жолдағыларға болсын! Сені Исламға шақырамын. Мұсылман бол амандыққа жетесің және Алла Тағала саған екі есе сый сыйласын. Сен бет бұрсаң өзіңнің және Қыбтилардың күнәсі сені мойныңа. «...Уа, Әһли кітап! Барлығың біз бен сендердің араларыңда тең (және әділ) бір сөзбен (былай) деп келіңдер: «Алладан басқасына табынбайық. Оған ешнәрсені тең қылмайық. Алланы қойып, бір-бірімізді Құдай (деп) санамайық». (Сонда да) егер тағы бет бұрар болса (онда) былай деңдер: «Куә болыңдар! Біз әлбетте мұсылманбыз!».

 

Бұл хаттың мақсаты Исламға шақыру және насихат. Риуаятқа қарағанда бұл хатты Хатиб ибн Әбу Бәлта (р.а.) арқылы жіберген. Хатиб (р.а.) хатты Мұқауқисқа жеткізіп, былай деді:

 

«Сенен бұрын мұнда бір адам (перғауын) құдаймын дейтін. Ұлы Жаратушы оны дүниелік әрі ақыреттік бәлеге душар қылды. Сен басқалардан ғибрат ал, басқаларға ғибрат болма!». Сосын Ислам дінінің ізгілігін, қадірін баяндап, көп насихат айтты. Сосын Мұқауқис былай деді:

 

«Бұл пайғамбардың күйін мән беріп зерттедім. Әмірлері мен тыйымдарында құпталмаған ешнәрсе көрмедім. Бұл кісі сиқыршы, бақсы не өтірікші еместігін білдім. Мұнда пайғамбарлық белгілерінің кейбірін таптым. Біраз ойланайын» - деді.

 

Мұқауқис хатты алып, піл тісінен жасалған құтыға қайып, сақтады. Хатшысын шақырып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қасиетті хатына жауап жаздырды. Елшіні жақсылап күтті. Пайғамбарымызға (с.а.у.) түрлі сыйлық жіберді. Бірақ мұсылман болмады.

 

 

mazhab.kz




Көрілген: 1397    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 15:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31