Пенденің амалы тартылатын таразы

Пенденің амалы тартылатын таразы

Адам жақсылы-жаманда амалдарымен Аллаһ Тағаланың құзырына барады. Міне, сол жерде пенденің амалын өлшейтін таразы болады. Әр адамның амалы осы таразыда (мизанда) өлшеніп, сауабы ауыр тартқандар жәннәтқа кіреді де, күнәсі ауыр тартқандар тозаққа таста- лады. Егер тозаққа тасталушы иман еткен кісі болса, күнәсінің мөлшеріне қарай тозақта жазасын өтейді де, сонан соң тозақтан шығарылып жәннәтқа кіреді.
Әрине,бұлтаразыИләһиәділетөлшеміболғандықтан, біздің ұғымымыздағы таразыдай емес. Оның шынайы болмыс-бітімі бір Аллаһқа аян. Қиямет қайымдағы әділет таразысы жайында аяттарда төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір дән түйірінің салмағындай болса, оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» (21.Әнбия – 47).
«Ал сол күні кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. Ал кімнің таразысы жеңіл тарт- са, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мәңгі қалады» (23.Муминун, 102-103).
Пенденің қай амалы таразыда ауыр тартатындығы белгісіз. Мәселен, үлкен бір қайырлы амалыңыз титтей сауапқа баланып, керісінше өзіңіз «бұл титтей ғана ама- лым ғой» деп жүрген әрекетіңіздің сауабы ұшан-теңіз болуы мүмкін. Кейде Аллаһты бір сәт зікір етудің өзі ұлы құлшылық екенін біле бермейміз. Асылында, Аллаһты зікір ету тілге жеңіл болғанымен – таразыда сауабы өте ауыр болады. Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Тілге жеңіл, таразыда ауыр Рахманның жақсы көретін екі сөзі бар: Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһил азим» (Бухари, Муслим риуаяты).
Әділет таразысында құлдың жасаған бүкіл амалда- ры өлшенеді. Кейбіреулер «Аллаһ біреу, ал жер шарында миллиардтаған адам бар. Олардың бәрі ақыретте Аллаһ құзырында жеке-жеке есеп беретін болса, қанша уақыт кезекте тұрады екен» деп ойлауы мүмкін. Мейлі адам миллиард болсын, мейлі триллион болсын, Аллаһ адам- дардан дүниеде істеген ісі жайында есеп алуда өте жыл- дам (сариғул хисаб). Бір адамнан есеп алуы кезінде екінші бір адамнан есеп алуына құдіреті жетеді. Сол секілді күллі адамзаттан бір мезетте жеке-жеке есеп алады.

KAUSAR | الکوثر Діни Танымдық Ислам Ағарту Парақшасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста