Ислам діні

ПЕРЗЕНТХАНАДА АУЫСҚАН БАЛАНЫҢ ҚҰРАН АРҚЫЛЫ АНАСЫН ТАБУЫ

  • https://www.facebook.com/

    https://www.facebook.com/

Америкада екі әйел қатар, бір уақытта босаныпты. Біреуінде ұл, екіншісінде қыз екен. Медбикелердің жауапсыздығы ғой, біреуі екі нәрестені ауыстырып алыпты.

 

Ендігі жерде екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де "мен тудым" деп ұлға жармаса беріпті. ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды. Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады.

 

Ал басшылықта отырған дәрігер "Бұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер" деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады. Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:

 

Американдық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойларыңыздасыздар ма?

 

Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.

 

Сонда американдық оған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: "Екі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған", - деп жауап беріпті. Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: "Ұл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?" - деп сұрайды таң-тамаша болып. Ол болса: "Бұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында "...Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады", - деген. Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек" - деген көрінеді.

 

Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!

 

 

Қайрат Нұрлықасымұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 00:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 12:46
    Нарды ойнау харам ба?
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30