Перзентханада ауысқан баланың құран арқылы анасын табуы

27 қазан 2020, 19:48

Америкада екі әйел қатар, бір уақытта босаныпты. Біреуінде ұл, екіншісінде қыз екен. Медбикелердің жауапсыздығы ғой, біреуі екі нәрестені ауыстырып алыпты.
Ендігі жерде екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де &ldquoмен тудым&rdquo деп ұлға жармаса беріпті. ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды.
Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады. Ал басшылықта отырған дәрігер &ldquoБұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер&rdquo деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады.
Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:
Американдық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойларыңыздасыздар ма?
Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.
Сонда американдық оған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: &ldquoЕкі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған&rdquo, &ndash деп жауап беріпті.
Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: &ldquoҰл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?&rdquo &ndash деп сұрайды таң-тамаша болып.
Ол болса: &ldquoБұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында &ldquo&hellipБір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады&rdquo, &ndash деген.
Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек&rdquo &ndash деген көрінеді.
Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!
Қайрат Нұрлықасымұлы

elana.kz